jasqazaq.kz

Бензин бағасы өспейді!

12 қантар, 13:17

Еуразия экономикалық одақ шеңберінде мұнай мен мұнай өнімдері нарығын қалыптастыру «баға бірден күрт көтеріледі» деген сөз емес! Энергетика министрлігі әлеуметтік желіде тараған қаңқу сөздерге орай осындай мәлімдеме жасады.
Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2027 жылдан бастап ортақ нарық құру отын құнын өзге елдердегі бағамен бірден теңестіруді емес, заңнаманы үйлестіруді көздейді. Оның үстіне, елімізде АИ-92 маркалы бензин бағасын өсіруге мораторий жарияланған. Ал нарық талабына сай баға белгілеу туралы шешім экономикадағы нақты ахуал мен тұрғындардың табыс мөлшерін ескере отырып қабылданады. Атап айтқанда, тұтынушыларды «естен тандырып емдеуге» жол берілмейді.
Дегенмен, министрлік біздегі арзан жанар-жағар майды көрші елдерге астыртын жолмен жөнелту және отын тапшылығын қолдан жасау қаупін жоққа шығармайды.
Айта кету керек, АИ-92 маркалы бензин бағасы Қырғызстанда біздің ақшаға шаққанда 250 теңгеге жетсе, Ресейде 400 теңгеден асады. Міне, сондықтан еліміздегі арзан отын «көлеңкелі» экспорт жасайтындардың көз құртына айналып отыр.
JQ-Aqparat

Сурет: zakon.kz

 

15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге