Бекжан Тұрыс: Діннің атын жамылып, ұлттық құндылықтарымызға тиісу қайдан шықты?

12 қыркүйек 2023, 16:08

Танымал актер Бекжан Тұрыс соңғы уақытта қазақтың ұлттық аспабы домбыраны «харам» дейтіндердің көбейгенін айтып, тыйым салуды ұсынды. Өнер иесі бұл жайлы Instagram парақшасында жазба жариялап, көпшілікке челлендж жолдады.
Актердің айтуынша, ол жаңа түсірілім жұмыстарына байланысты біраз уақыт әлеуметтік желіден қол үзіп қалған.

«Қолынан домбыра тастамаған қазақтың бірі ретінде мұндайға бей-жай қарай алмаймын. 70 жыл орыстың боданында отырғанда, өз ұлтымның ауызымен «қазақтың домбырасы — арам» дегенді ешкім айтқызбап еді. Ұмытпасам, эфирде «Терме» дейтін хабар да жүрді. Ал тәуелсіздік алған соң бізге не көрінді, ағайын?! Түсінгім-ақ келеді, бірақ… Діннің атын жамылып, ұлттық құндылықтарымызға тиісу қайдан шықты? Қай кезде белең алды бұл? Анығында, ұлтының қастерлі мұрасынан безгендердің түсінігі бұл. Әйтпесе кез келген халықтың дәстүрлі мәдениеті мен діни танымы өз ұлты үшін қасиетті саналатынын білмей ме, бүкіл қазақ? Домбыра — қазақтың жаны, бабадан қалған бағзы мұрасы. Бірақ көне заманнан бері қазақтың жүрек қылын, даланың терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресін шертіп келе жатқан ұлттық аспапты қазақтан айыру басталған сияқты. Әлдекімдердің әдейі ұйымдастырған тапсырысы тәрізді көрінгені де рас. Бір мезгілде, бірінен соң бірі, кезекпен неге бұлай айтып жатқаны осындай ойға жетеледі», — деп жазды Бекжан Тұрыс. Сонымен қатар актер мұндай видео мен әрекетке тыйым салыну керектігін де айта кетті. «Домбыраны «харам» деп жүргендің әрекетіне тыйым салынуы керек. Уақыт келді. Тұтас ұлт болып ұлттық аспабымыз — қасиетті домбырадан қазақты бездіргісі келетіндерге жауап ретінде қолынан домбырасы түспеген дәстүрлі әнші-күйшілер мен барша қазақтан әлеуметтік желіде тек домбыра жайлы арнайы пост жариялап отыруын өтінем. Қағынан жерігендердің теріс насихатына, дәстүр-салтымыз бен ұлттық мәдениетімізге қарсы шабуыл жасайтындарға арнайы заң қабылданып, белгілі бір шара қолданғанша бұл челенедж үзілмесе деймін. Әр қазақ арнайы пост жазбаса да, домбырамен айтылған ән немесе күйді парақшасына күнде жариялап отыруға тиіс. Ұсыныс-өтінішіме немқұрайлы қарамайды деп сенем. Қазақты дәстүр-салтынан, ұлттық музыкасынан айырып, ұлт ретінде жойғысы келетіндердің әрекетіне жол жоқ. Осыны түсінетін кез жетті. Сүрініп кетпе, қазақ баласы, сүрініп кетпе!», — деді Бекжан Тұрыс.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді