jasqazaq.kz

«Күте алмаймыз». Олжас Бектенов үш жылу-электр орталығының құрылысы туралы айтты

15 шiлде 2025, 12:28

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысынан кейін өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Өскемен, Семей, Көкшетау қалаларында салынуға тиіс үш жылу-электр орталығының құрылысына тоқталды.

Премьер-Министр: «Үш ЖЭО бойынша бастапқыда ресейлік серіктестермен бірге іске асыру мүмкіндігі қарастырылды. Әзірге біз Ресей Федерациясынан кепілдендірілген, арзандатылған қаржыландыру ұсыныстары туралы нақты ақпарат алған жоқпыз. Сондықтан біз Көкшетауды өз күшімізбен сала бастадық. «Самұрық-Энерго» да айналысып жатыр. Семей мен Өскеменді айтсақ, Ресей тарабынан жауап күтіп отырмыз. Егер жауап жақын арада болмаса, жобаны өз бетімізбен іске асырудың нұсқаларын да қарастырамыз. Біз күте алмаймыз», — деді.

«Үш ірі жобаны ел бюджеті көтере ала ма» деген сауалға: «Көтереміз. «Самұрық-Энергоның» нарық механизмдері бар. Жылу-электр орталығы да бизнес жоба. Пайдалануға берілгеннен кейін ақша тауып, салған инвестициясын қайтарады», — деп жауап берді.

JQ-Aqparat

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді