Бейтарап болма!

27 маусым, 12:45

Құқықтық әдебиетте «нөлдік төзімділік» деген ұғым бар. Түп-төркінін ағылшынның ««zero tolerance» (нөлдік толеранттылық» тіркесінен алады. Толеранттылықтың бұл жерде кез келген құқық бұзушылыққа төзбеуді білдіретінін де айтқан жөн. «Нөлдік төзімділік» тек құқық қорғау орындарына арналмаған. Бүкіл ел болып, тұтас қоғам болып жұмылып, бейтарап болмай, заңға қайшы әрекетке тосқауыл қоюын, заң мен тәртіптің барлық жерде үстем болуын көздейді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде құқық бұзушылықтың жол берілмеуіне, заң мен тәртіптің үстем болуына айрықша көңіл бөліп отыр. Президент биылғы наурызда өткен Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде «Азаматтарымыз үйде де, түзде де өзін қауіпсіз сезінуге тиіс. Бір сөзбен айтқанда, қауіпсіз ортада өмір сүруі керек. Заң мен тәртіп қатаң сақталуға тиіс, яғни қоғамда Заң үстемдігі болуы қажет. Ең бастысы, біз мейірімді әрі мәдениетті ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Үйдегі лифтіні, ауладағы ойын алаңын, көшедегі аялдаманы қиратудың қандай қисыны бар?! Мұның бәрі – барып тұрған тәртіпсіздік, мәдениетсіздік. Өркениетті елдің әрбір азаматы қоғам мүлкін өз мүлкіндей қорғауы керек» деген болатын.

Jasqazaq.kz порталы еліміздегі ең ірі мегаполисте құқық бұзуға төзбеушілік пен қоғамның нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыру бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектен сұрап білген еді.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Алматы қалалық ПД ЖПҚБ-ның бөлімшелері басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, қоғамда қоғамдық тәртіпке қол сұғатын құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру бағытында белгілі бір жұмыстарды атқаруда.

Қазақстан Ішкі істер министрлігі белгілеген нөлдік төзбеушілік қағидатына жататын құқық бұзушылықтарға мыналар кіреді. 1)ұсақ бұзақылық (оның ішінде қоғамдық орындарды ластау); қаланы абаттандыру ережелерін бұзу, түнгі тыныштықты бұзу; 3) алкогольдік ішімдіктерді ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде жүру; 4) кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде және үйден тыс жерде болуы;

Осыған байланысты, біз құқық бұзушылықтың осы түрлерін анықтауға ерекше көңіл бөлеміз.
Есепті кезеңде өткен жылмен салыстырғанда осы санатқа жататын құқық бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы) 458, оның ішінде қоғамдық орындарды ластауға қатысты 4094, қаладағы абаттандыру ережелерін бұзу бойынша (ҚР ӘҚбК-нің 505-бабы) 9002, тұрғындар мен шаһар қонақтарының тыныштығын бұзуға қатысты (ҚР ӘҚбК-нің 437) бабы бойынша 3746, көшеде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені және қоғамдық орындарға мас күйінде шыққаны үшін ҚР ӘҚбК-нің 440-бабы бойынша 6295, қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін ҚР ӘҚбК-нің 441-бабы бойынша 3148 жерек тіркелді.Алматыда оқу орындары көп. Соған орай, студенттер арасында нөлдік төзімділікті насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Жиырма бір жоғары оқу орындарында дәрістер, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізіліп, онда студенттердің назары қолданыстағы заңнаманы бұзуға жол бермеуге аударылды.

Бүгінгі таңда аталған жоғары оқу орындарының барлығында студенттік жасақтар құрылған. Аудандық ПБ-мен ЖОО басшылығы арасында ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.
Қылмысқа «мүлдем төзбеушілікті» қамтамасыз ету бойынша қызметтің негізгі бағыттарының бірі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту болып табылады.
Сондай-ақ, тұрғындардың арыз-шағымдарына жауап беруден үзілді-кесілді бас тартатын ойын-сауық мекемелерінің тыныштықты бұзуы қоғамдық тәртіпті бұзу факторларының бірі болып табылады.
Осы жылдың басынан бері ойын-сауық мекемелерінің үстінен 300-ден астам қоңырау келіп түсті, олар бойынша учаскелік полиция инспекторлары ҚР ӘҚбК-нің 437-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды.

 

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген