«Бейнеу — Жаңаөзен» магистральды газ құбырының екінші желісі іске қосылды

23 қазан 2023, 20:03

 Үкімет басшысы Әлихан Смайылов телекөпір арқылы ұзындығы 308 шақырым «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісін іске қосты. Премьер-Министрдің баспасөз қызметі жазғандай , құбыр құрылысы өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында жүргізілді.

Бүгінде Маңғыстау облысы – табиғи газды ең көп тұтынатын аймақ. Атап айтқанда, өткен жылы облыс 2,8 млрд текше метр көгілдір отын тұтынған, бұл республиканың ішкі нарығындағы жалпы қажеттіліктің 19%-ын құрайды.
«Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырының екінші желісін іске қосу елді мекендерді, ірі өнеркәсіптік нысандарды, сондай-ақ жылу және электр қуатын өндіретін Маңғыстау облысының бас энергетикалық кәсіпорны – «МАЭК» ЖШС-ны газбен тұрақты түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Әлихан Смайылов өз сөзінде аталған жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылғанын және өңірдің экономикалық дамуы үшін үлкен маңызға ие екенін атап өтті.
Мәселен, «Бейнеу-Жаңаөзен» газ құбырының екінші желісінің өткізу қабілеті жылына 5,8 млрд текше метрді құрайды. Бұған дейін «Окарем-Бейнеу» газ құбырының аталған бағыт бойынша өндірістік қуаты шамамен 3 млрд текше метр ғана болатын. Енді екі газ құбырының жалпы өткізу қабілеті жылына шамамен 9 млрд текше метрге жетеді, бұл өңірдің көгілдір отын қажеттілігін толық жабады.
«Көгілдір отынды үздіксіз жеткізу Маңғыстау облысының экономикалық дамуына белсенді ықпал етеді. Сонымен қатар аталған жоба еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайта түседі», — деді Әлихан Смайылов.


Нысан құрылысы кезінде магистралды құбырларды салу саласындағы заманауи технологиялар, сондай-ақ коррозиядан қорғаудың сенімді құралдары пайдаланылды. Бұл ретте отандық тауар өндірушілердің жабдықтары мен материалдары тартылды.
QazaqGaz ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Санжар Жаркешов атап өткендей, «Бейнеу-Жаңаөзен» жаңа газ құбырын салу жобасына QazaqGaz және «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жеке қаражаты есебінен шамамен 180 млрд теңге инвестиция тартылды.
«Бұл Маңғыстау облысының экономикалық дамуы мен энергетикалық қауіпсіздігіне қосылған қомақты үлес», — деді ол.
Сондай-ақ «Жаңаөзен-Жетібай-Ақтау» ірі газ құбырының үш желісін күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл – «Бейнеу-Жаңаөзен» екінші желісінің іске қосылуымен бірге Маңғыстау облысының газ тасымалдау жүйесін жаңғыртудағы үлкен қадам.
Өңір әкімі Нұрлан Ноғаев аталған жобаларды іске асыру шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал ететінін, сондай-ақ жалпы Маңғыстау үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтты.
«Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында өңірді газбен үздіксіз қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Магистралды газ құбырларының құрылысы мен жөндеу жұмыстарын мерзімінде әрі толық аяқтаған QazaqGaz компаниясына Маңғыстау облысының тұрғындары атынан алғысымды білдіремін», — деді Нұрлан Ноғаев.
Баршаңызды осы маңызды жобалардың аяқталуымен құттықтаймын», — деп салтанатты шараны қорытындылады Әлихан Смайылов.
JQ-Aqparat

Суреттер: Премьер-Министрдің баспасөз қызметі

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу