jasqazaq.kz

Бейәдеп пікір айтқан блогердің ісі сотта қаралады

02 желтоқсан 2025, 12:39

Астанада ерекше балалардың ата-аналарына тіл тигізген Гүлнар деген блогер жауапқа тартылатын болды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Жуырда Gulnara.blogger әлеуметтік желіде аутизм, мүгедектік және онкологияны ата-аналардың, әсіресе, әйелдердің «азғын өмірі үшін жаза» деген сарында бейнежазба жариялады. Ата-аналар блогерді жауапқа тартуды талап етіп, балалар омбудсмені Динара Закиева ІІМ-ге жүгінді.
Ол: «Ерекше балаларға қатысты кемсітуге жол берілмейді. Қорлау үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген», — деп мәлімдеді.
Ал блогер өзін «буллинг құрбаны» деп, «қоғамға себеп-салдарды түсіндіргенін» айтқан жаңа бейнежазба жариялады.
Астана қаласы Полиция департаменті «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалғанын хабарлады. Енді іс материалдары сотқа жіберіледі.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді