Баян Мақсатқызы: Түсірілім алаңында көңіл қосатындар көп

26 қыркүйек 2023, 10:44

Тұрсын мен Баян Алагөзовтер отандық бағдарламаның біріне сұхбат берген кезінде «әйелі продюсер бола тұра, күйеуі кино саласында бақ сынап көрмеді» деген сауалға жауап берді.

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзовке киноға түсуге басқа продакшннен үш рет ұсыныс түскен. Алайда күйеуіне киноға түсуге үзілді-кесілді тыйым салған.

«Мен Баян Мақсатқызынан бірнеше рет мені киноға түсіруін сұрағанмын. Бірақ ол мені кино әлеміне жіберер емес», – дейді Тұрсын Алагөзов.

Продюсер киноға түсу күйеуінің арманы екенін атап өтті.

“Тұрсынды үш рет басты рөлге басқа продакшндар шақырды. Олар маған хабарласып: “Кез келген мөлшердегі гонорарды төлейміз. Тұрсын басты рөлге түсу керек” деп сұрайды. Бізде 45 жастан асқан, бойы ұзын, байсалды, келбетті актерлер жоқтың қасы. Мен оған түбегейлі қарсымын. Мейлі, бұл кәсіби қызғаныш болсын немесе жәй ғана қызғаныш болсын. Біріншіден, Тұрсын мені көлеңкеде қалдыруы мүмкін. Екіншіден, түсірілім алаңында көңіл қосатындар көп. Мен кадрдың, екі адам арасындағы химияның, актердің көзіне қараудың не екенін білемін. Тартып алып кетуі мүмкін. Ешқандай кепілдік жоқ. Сондықтан Тұрсын, киноны мүлдем ұмыт”, – деді Баян Мақсатқызы.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді