Баян Алагөзова: Мен әже емеспін, Баяшамын

04 қыркүйек 2023, 14:43

Немерелерінің “апа” немесе “әже” деп атағанын қаламайтынын айтқан Баян Алагөзова жұртқа жақпай қалды. Продюсер өзін «апа» деп атамауды өтініп, әлеуметтік желіге жазба жариялады.
“Мен немерелерім үшін керемет апа емеспін. Себебі мен апа емеспін. Әйелдерді бұлай атайтындай бұл сөзді кім ойлап тапқан? Үлкен жиен немерем үшін мен Баяшамын. Маған солай ыңғайлы. Әже емес, апа емес. Мен үшін қайсысы дұрыс болады деп ұзақ ойландым. Соңында “Баяшаға” тоқталдым. Сіздер қалай ойлайсыздар?”, – деп көпшілікке сауал тастады продюсер.
Баян Алагөзованың бұл пікірі көпшілікке жақпай қалды.
“Әже деген сөзді есту мен үшін үлкен бақыт”, “Әже болу бәрімізге арман”, “Қашанғы Баяша боласың? Жасың біразға келген әйелсің ғой, желігің басылатын уақыт болды”, “Қыстың жаманы күз болсам дейді, қатынның жаманы қыз болсам дейді”, “Ұнаса да, ұнамаса да әжесіз”, “Қартайғысы келмейді”, “Әже болу біреулерге арман”, – деп жарыса жазды желі қолданушылары.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді