Бауыржан Байбек әуежай қызметін сынға алды

11 қараша 2016, 17:02

snimok

Алматының әуежайыхалықаралық талаптарға сай келмейді. Алматы әкімі Бауыржан Байбек қоғамдықкеңестің отырысында әуежайқызметін сынға алды. Себебі, келесі жылы өтетінУниверсиада ойындарына келетін қонақтарға көрсетілер қызмет жоғарғы деңгейде болуы керек. Қала әкімі әуежай басшылығына алдағы дүйсенбіге дейін арнайы жоспар дайындап көрсетуді тапсырды.

almaty.tv хабарлағандай келер жылы Алматыда өтетін дүбірлі додаға шамамен 30 мыңға жуық қонақ келеді,- деп күтілуде. Сондықтан, шеттен келетін қонақтарға көрсетілер қызмет түрі жоғары болу керек. Қаланың қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен болған отырыста әуежайдағы қызмет сапасын жақсарту мәселелері талқыланды. «Универсиада-2017» жарысына келетін шет елдіктер қаланың туризм саласына едәуір ықпал ететіні сөзсіз. Осы мақсатта қала әкімі Алматы әуежайын сынға алды.

«Экономикалық, инвестициялық, туристік орталық болып табылатын қала үшін әуежай гаванының маңызы зор. Әсіресе, Универсиада — 2017 және EXPO-2017 маңызды халықаралық шаралар қарсаңында. Осы ретте болашақ дамудың басты бағыты — туризм. Бұл- біздің қаламыздыжаңа сапалы деңгейге көтеретін табыс көзі. Дегенмен, бүгінгі таңда әуежай өзінің ауқымы жағынан мегаполис деңгейіне сай келмейді. Тіпті қазірдің өзінде ол жолаушы тасымалын талапқа сай жүзеге асыра алмай отыр»,- деді Алматы қаласының әкімі, Бауыржан БАЙБЕК.

Ал «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Жұлдыз Омарбекова партия филиалының әуежайжұмысына сараптама жасағандығын, соның барысында бірқатар кемшіліктердің анықталғандығын айтты.Ол өз сөзінде көлік тұрағы жүйесін қайта қарауды, Алматы қаласы Туристік ақпараттық орталыққа ұқсас ақпараттық тумбаларды орнатуды, такси қызметін жақсартуды, жүргізушілер мәдениетін арттыруды, сонымен қатар «тыныш әуежай» кестесін енгізуді, ағылшын тілінде қайталайтын ақпараттық таблоларды орнатуды ұсынды.

«Заңсыз такси қызметін ұсынатындар бар. Олардың баға саясаты белгіленген тарифтен жоғары. Біз мүмкін болса, қоғамдық көліктер санын көбейтіп, такси қызметі мен жүргізушілер мәдениетін реттеуді ұсынамыз. Сонымен қатар, ақпараттық таблолар мен шетелдік қонақтарға ыңғайлы болу үшін арнайы нұсқаулық жасау керек”,- «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары, Жұлдыз ОМАРБЕКОВА.

Қоғамдық кеңес мүшесі Марат Шибұтов 2017 жылы Алматыға келетін жолаушылар санының артатындығын, ішкі және сыртқы туристердің көп болатынын сондай-ақ, бұл әуежайжұмысының көлемін ұлғайтатынын ескертті. Сондықтан, оның қызметін жақсарту кезек күттірмейтін мәселе. Аталған кемшіліктердің бірі миграциялық құжаттарды толтыру бөлмесінің тарлығы.

Кеңестің жұмысын қорытындылаған қала басшысы әуежайжұмысын жақсарту туралы нақтылы тапсырмалар берді.

“Қосымша инвестиция тарту керек. Шешілмей отырған көптеген мәселелер бар. Бұл ұзақ уақыт алуы мүмкін. Бірақ, көп ақша жұмсамай шешілетін мәселелер де бар. Ол қызметкөрсету сапасын жақсарту, жүкті алу тәртібі мен уақыты, құжаттарды рәсімдеу сияқты шаралар. Себебі, ұзақ жолдан шаршап келген қонақ үшін қарапайым шаралар да жеткілікті”,- деді Алматы қаласының әкімі, Бауыржан БАЙБЕК.

Қала басшысы айтылған ұсыныстар мен олқылықтардың орнын толтыру үшін арнайы жоспар құрып, дүйсенбіге дейін өткізуді тапсырды. Ал әуежай әкімшілігі айтылған ескертпелер мен ұсыныстарды шешу үшін тиісті шараларды жасауға уәде берді.

2017 жылы өтетін Қысқы Универсиада ойындарындағы жауапкершілікті ескере отырып, сіздер қойып отырған талаптарды Алматы әуежайының ұжымы толық орындаймыз,- деп сенім білдіремін”,- деді «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ президенті, Айбол БЕКМҰХАМБЕТОВ.

Бүгінгі күні Алматы әуежайы — тасымалдау көлемі бойынша елімізде жетекші орында. 2015 жылы 5 миллион жолаушыға қызмет көрсетілсе, биыл бұл көрсеткіш 4 миллион 700 мыңға жетеді деп күтілуде. Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін мұнда видеобақылау жүйесі де жұмыс істейді. Бұдан бөлек, ішкі рейс терминалдары қайта жасалып, шекаралық қызмет үшінбақылау — өткізу пукттерінің саны 32 ден 42 -ге артқан.

 

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген