jasqazaq.kz

Баукеспе барымташылар құрықталды

27 желтоқсан 2016, 21:41

Күдіктілер ірі қараны жайылымда жүрген жерінен жайратып салған. Осылайша, оңай пайдаға құныққандар үш жылқыны сойып, етін әкетіп бара жатқан жерінен қыл үстінде қолға түсті.

ktk.kz хабарлағандай, күдіктілерді ұстау полиция қызыметкерлеріне оңайға соқпады. Ол үшін Оралдан қатынайтын күре жолдарға тосқауыл қойыпты. Әсіресе, Орал- Атырау бағытындағы тас жолды қатаң бақылауға алынған. Ал бұл жерден жол-патрулдік көлікті көрген ұрылар жасырынуға барынша әрекет еткен. Алайда полиция экипажы олардың көлігін тоқтатып тексерген кезде етпен қоса ешқайда тіркелмеген аңшы мылтығы тауып алыпты. Ұсталған азаматтар өздерінің үшінші серігінің басқа машинамен далада қалғанын бірден мойындады. Әзірге олардың арзан етпен кімді қарық қылып келгендері анықталуда. Сондай-ақ, осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы да тексерілуде.

Кенжебек Құспаев, БҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары:

-Тойота Ланд Крузер көлігін тақымдаған мал ұрлығына қатысты үш күдікті адам ұсталды. Барлығы осы БҚО-ның тұрғындары. Жасы 25-27 шамасындағы азаматтар.

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті