jasqazaq.kz

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан 8 адам қаза тапты (Видео)

17 қараша 2025, 18:35

Батыс Қазақстан облысында Toyota Camry мен Volkswagen Sharan көліктері бетпе-бет соқтығысып, салдарынан сегіз адам қаза тапты, деп хабарлайды «Мой город».

Батыс Қазақстан облысы ПД өкілдері 17 қарашада Чапай – Жаңақала – Сайқын аудандық тас жолының 50-ші шақырымында Toyota Camry мен Volkswagen Sharan көліктері соқтығысып, кейін көліктердің бірі өртенгенін мәлім етті.

Жол апаты салдарынан сегіз адам оқиға орнында көз жұмды, тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды. Жүргізушілердің бірі қарсы жолаққа шығып кетті деген болжам бойынша алдын ала тергеу жүріп жатыр.

«Ауа-райы мен жол жағдайы қанағаттанарлық болды – жолдың көрінуі жақсы, көлік қозғалысына ешқандай сыртқы кедергі болған жоқ. Оқиға орнында полицейлер, жедел-тергеу тобы, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. Тергеу аясында жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы мұқият тексеріліп, анықталады.

Полицейлер жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Кез келген ереже бұзушылық жолаушы тасымалдау кезінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді», — деп атап өтті департаменттегілер.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Ақпарат. Qazaqstan TV (@qazaqstan_aqparat)

16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді