jasqazaq.kz

Батырхан Шүкеновтың әні Викторияның қазақша үйренуіне түрткі болды

06 қантар 2017, 11:49

Мәскеулік Виктория Андрееваның екі бірдей көзі көрмесе де, оның қазақ тілін үйренуге деген құштарлығы зор. Бұған әнші Батырхан Шүкеновтың өлеңдерінің бірі түрткі болған.

ҚазАқпарат хабарлағандай, Виктория «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі парақшасына «18 жастамын», ал Whatsapp мессенджеріне «Жаным сол» деп қазақ тілінде статус жазып қойған. «Эврика» газетіне сұхбат берген Викторияның айтуынша, бұған дейін ол ғаламтор арқылы танысқан қазақстандықтардан кейбір сөздердің аудармасын сұрап, «сәлем» мен «сау болды» үйреніп алған. «Бірақ ол кезде қатты қызығушылық болған жоқ. Ал Батырхан Шүкеновтың «Отан — ана» деген өлеңін естігенде тұла бойым шымырлап кетті. Ішімде болған сезімді сөзбен жеткізу қиын. Бәлкім, ол кісінің өмірден озғаны да бір арнаға қосылып, қатты әсер етті ме…Ғажайып ән. Батырхан осы бір шығармасына Отан үшін барлық мақтаныш сезімін сыйғыздыра білді деп ойлаймын. Сол сезімнің бір түйірі маған да берілді-ау деймін. Осыдан кейін мен қазақ тілін меңгеруге білек сыбана кірістім», — дейді Виктория Андреева. Осылайша, Вика ғаламтор арқылы сан алуан тіл ұстарту курстарын өздігімен оқып, қазақша үйрене бастады. Бүгінде ол ауызекі тілде өз ойын жеткізе алатын деңгейге жетті. «Мен ертегілердің ішінен Алдар Көсені білемін. Қыз Жібек туралы фильмді толығымен тыңдап шықтым. Әміре Қашаубаев, Шәмші Қалдаяқовтың музыкасымен де таныстым. Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқыдым. Маған өте ұнады. Иә, дәл қазір бәрін түсінемін деп айта алмаймын. Дегенмен, мақамның өзі адамды тартады. Шығыстың жұмбақ табиғаты барынша сезіледі», — дейді ол. Виктория қазақстандық эстраданы да жақсы біледі. Бүгінде ол ақтөбелік бір қызбен ғаламтор арқылы тығыз араласып тұрады. Жерлесіміз оған қазақ тілін меңгеруге көмектесіп жүр. Виктория газет арқылы сол үшін өз алғысын жеткізді. «Ресейліктерге қарағанда сіздер ашық әрі мейірімдісіз. Әрине, әртүрлі адамдар болады. Дегенмен, маған сондай адамдар кезігеді», — дейді Вика.

 

31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу
29 қазан, 12:25
Суомимен стратегиялық деңгейдегі серіктестік