«Батырдың ерлік жолы» атты дөңгелек үстел өтті

27 қыркүйек 2023, 20:38


Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толуына орай ҚР ҚК Мемлекеттік әскери-тарихи музейінде «Батырдың ерлік жолы» атты дөңгелек үстел өтті. Оған академик, тарих және философия ғылымдарының докторы Өмірзақ Озғанбай, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тілеген Садықов, С.Сейфуллин музейінің директоры, тарих ғылымдарының докторы Марат Әбсемет, ҚР ҒЖБМ Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Құндызай Ерімбетова және де басқа ғалымдар қатысып, батырдың тарихи тұлғасына қатысты ойларын ортаға салды.
Бас қосудың басты мақсаты – Амангелді Имановтың өміріне қатысты деректерді іздестіру, тарихи зерттеулер жүргізу, тың тұжырымдарды ғылыми айналымға енгізу мәселелерін талқылаумен қатар өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында батырдың қолбасшылық қасиеттерін ашып көрсету болды.



Тарих ғылымдарының кандидаты, полковник Манас Мағұлов қазіргі заманғы бес дивизияға пара-пар 50 мың әскерді басқарған Амангелді батырдың ұрыс жүргізу тактикасына, қалың қолды қару-жарақ, азық-түлікпен қамтамасыз етудегі талантына тоқталып, дала дауылпазының әскери өнерді жақсы меңгергеніне дәлелдер келтірді.
Дөңгелек үстелдің жұмысына Алматыдан бейнебайланыс арқылы шыққан батырдың немересі Батырлан Амангелдиев ақсақал даңқты бабасы, жалпы өз әулеті туралы естеліктерімен бөлісті. Батырдың кіндігінен тараған Рамазан мен Шәріп есімді ұлдарының қиындыққа толы талай-тағдыры жайлы тағылымды әңгіме айтып берді.


Ғибартты кездесуді қорытындылай келе ҚР ҚК Мемлекеттік әскери-тарихи музейінің басшысы Ләззат Әлжанқызы жас буынды отансүйгіштікке тірбеиелеуде осындай тарихи тұлғалардың ролі зор екенін баса айтты.

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді