jasqazaq.kz

Батухан есімін сызықшамен жаздырғысы келгендерге туу куәлігі берілмеді

08 қараша 2016, 22:35

batuhan

Павлодар облысында сәбиге қойылған Бату-Хан есімі үлкен дау тудырды. Балаларына осынау есімді таңдаған Ахметжановтарға АХАЖ бөлімі құжат бермеген. Айтуларынша, адам есімінде сызықша болмауы тиіс. Азан шақырып қойған атты қалай да рәсімдейміз деген отбасы мен мамандар арасындағы даудың түйіні қалай шешіледі?

Ақсудағы Ахметжановтар отбасында қыркүйектің аяғында дүниеге сәби келді. Қуанған әкесі ұлына  Бату-Хан есімін қойған болатын. Алайда Алтын Орданың ұлы ханының атын құжатқа жазу мүмкін болмай шықты. Халыққа қызмет көрсету орталығында қосарланған есімді, яғни, Бату және хан сөздерін дефис арқылы  арқылы жазуға болмайды деп, арыздарын кері қайтарған.

Алтынбек Ахметжанов, Ақсу қаласының тұрғыны:

-Міне бала қырқынан шықты, не құжат жоқ , ауруханаға бара алмай жатырмыз. Ай сайын төлетенетін ақшаны да  соны ала алмай отырмыз. Басқаларға  сызықшасын қойып жазып берді. Ал маған келгенде тіреліп қалды.

Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарының уәжіне отағасының көнгісі жоқ. Шыңғыс хан немересінің есімін ұлым қалай да еншілеуі тиіс дейді. Ал АХАЖ мамандары адам есіміне дефис қоюдың заңға қайшы әрекет екенін алға тартады.

Жандарбек Төребеков, Ақсу қаласы азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы:

-Тіркеу туралы өтінішінде ол азамат баланың атын дефис арқылы жазбақшы болған. «Неке және отбасы» кодексіне сәйкес баланы тіркеген кезде баланың аты екі атпен қойылуға болады, бірақ та сызықша арқылы қоюға бұл кодекс бойынша рұқсат етілмейді.

Ал кодекстен мұндай тыйымды іздеп таппаған ата-ана бұдан соң талап арызын алып, прокуратураға барған. Тексерісті бастаған құзырлы орган бір ай уақыт өткенімен жарытып жауап бермепті. Алайда бұл жағдайға біздің арнаның түсірілім тобы аралсқан соң даулы мәселе әп-сәтте шешемін таба кетті. Яғни тілшілер кетісімен нәресте құжатты болды. Мына кадрда байқағандарыңыздай Бату-Хан есімі сызықша арқылы жазылған.

Облыстық әділет департаменті мамандарының айтуынша, заңға сәйкес жаңа туған нәрестеге қосарланған есімді беруге болады. Ал есімдердің бөлек немесе ата-ананың қалауы бойынша дефис арқылы жазуға рұқсат беретін заңда арнайы тармақ бар екен. Тек мұны ақсулық мамандар білмеген сыңайлы. Ал бір жарым ай сандалған Ахметжановтар әулеті енді бұл жайтқа қатысты хал актілер бөлімінен түсініктеме күтеді. Еш жауап болмаған жағдайда баласының құқығын бұзғандарды сотқа бермек.

ktk.kz

Бүгін, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті