jasqazaq.kz

Басым бағыт – тең мүмкіндік ұсыну

15 қыркүйек 2025, 14:19

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және қандастарды бейімдеу орталығы» – қоғамға қажет ерекше мекеме. Бұл орталықта аналар мен балалардың уақытша бас сауғалауына баспана ұсынумен қоса, жан-жақты қолдау көрсетіледі. Зорлық-зомбылыққа төзбеушілік, инклюзия мәдениеті, сондай-ақ масылдықпен күрес – орталықтың басты бағыттары.
Осы орталықтың директоры Нұрбол Жәнібекұлы Молдабековтың айтуынша, қоғамның өркендеуі үшін әрбір азаматтың әлеуетін ашуға барынша  жағдай жасалуы тиіс.
– Нүрбек Жәнібекұлы, әйелдер мен балаларға арналған арнайы бағдарламаларыңыз бар ма?
– Әрине. Әйелдерге құқықтық кеңес, әлеуметтік қолдау, балаларға білім беруде тең мүмкіндік жасау, дамыту курстарын ұйымдастыру – біздің басым бағытымыз. Мәселен, биыл ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған дамыту бағдарламасы іске қосылды.
– Қызмет алушылардың сенімін қалай арттырасыздар?
– Ең әуелі жылы қабылдау, құпиялылықты сақтау – басты қағидатымыз. Белсенді тыңдау әдісі арқылы олардың ішкі жан дүниесіне үңілеміз. Кішкентай жетістіктерін бағалап, қолдау көрсету де сенімді нығайтады.
– Алдағы жоспарларыңыз қандай?
– Біз қазір жаңа жобаларды қолға алудамыз. Оның ішінде кәсіби дағдыларға үйрету курстары, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, жастарға арналған инклюзивті лагерьлер бар. Сондай-ақ, психологиялық орталық ашу жоспарда тұр.
– Қоғамда зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру үшін не істеу керек деп ойлайсыз?
– Бұл – бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Біріншіден, заңнаманы қатаңдату қажет. Екіншіден, мектеп қабырғасынан бастап балаларға сыйластық пен теңдікті үйрету керек. Үшіншіден, бұқаралық ақпарат құралдары зорлық-зомбылықты ақтамай, керісінше, барынша әшкерелеуі тиіс. Сонда ғана зорлыққа жол бермейтін мәдениет қалыптасады.

Әлия Білдебекова,
Шымкент қаласы

18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат