jasqazaq.kz

Бас прокурор өзін өртеген әйелдің әпкесімен кездесті

14 желтоқсан 2016, 17:34

Бас прокурор қайтыс болған әйелдің әпкесін қабылдады. Бүгін Жақып Асанов қайтыс болған Майра Рысманованың әпкесі Дания Рысмановамен кездесті.

Tengrinews.kz хабарлағандай, бас прокурор Рысманованың туыстарына көңіл айта отырып, қайтыс болған әйелді жерлеу рәсіміне көмектесетінін айтты.

«2016 жылдың 28 қарашасында Бас прокуратураға Майра Рысманованың баласы Е.Ахметовқа қатысты шыққан соттың шешіммен келіспеуіне байланысты шағымы келіп түсті. (…) Айта кету керек, Рысманованың баласына қатысты іс тағы басқа полицей қызметкерлеріне қатысты қозғалған жеті қылмыстық іспен бірге тергеліп жатыр. Тергеу жұмыстарының қорытындысына бойынша, ІІД-нің Е.Ахметовты ұрып-соқты деп айыпталған Жидешев есімді қызметкеріне қатысты сот үкімін Тараз қалалық сотындағылар шығарды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Қылмыстық іс 20 желтоқсанда қайта қаралады деп жоспарланып отыр,» — делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

«Жамбыл облысы тұрғындарының облыстық ІІД қызметкерлеріне қатысты шағымдарын ескере отырып, Бас прокурордың тапсырмасымен осы облыстағы қылмыстық істерге қатысты шыққан сот үкімдерін тексеріп отыратын ведомствоаралық топ құрылып жатыр. Бұл топты Бас прокурордың орынбасары Е.А.Кененьаев басқаратын болады. Осыған қатысты толығырақ мәлімет сот отырыстарының қорытындысы мен ведомствоаралық топтық жұмысынан кейін айтылады», — деді Бас прокуратурадағылар.

Еске сала кетейік, бүгін, 14 желтоқсанда Бас прокуратура ғимаратының алдында өзін өртеген әйел ауруханада қайтыс болғаны хабарланған болатын.

Еске салайық, 6 желтоқсанда сағат 12.16-да ведомство ғимаратының бақылау-өткізу пунктіне әйел адамның үш серігімен келіп, сыртқы киімін шешіп, бензин құйып өзін-өзі өртегені хабарланған болатын. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол әйелдің 1968 жылғы азаматша Рысманова М.Е. екені анықталған. Ол 1988 жылғы Е.Н.Ахметов есімді ұлына қатысты шыққан сот үкіміне келіспегендіктен, осы қадамға барған. М.Е.Рысманова Бас прокуратураға 2016 жылы 28 қарашада осы іс бойынша үндеу жариялаған. Осы істі қайта қарап шығу үшін Бас прокуратура соттан қылмыстық іс материалдарын алдырған болатын», — деді ведомстводағылар.

Ал кейінірек Бас прокурор Астанадағы Бас прокуратураның ғимараты алдында өз-өзін өртеген әйелдің мәселесімен жеке айналысуға уәде берген болатын.

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті