Бас прокурор: «Е-Превенция» арнайы қосымшасы енгізіледі

02 қазан 2023, 10:40


Елімізде «Е-Превенция» арнайы қосымшасы енгізіледі. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асыловтың Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтты.

«Алкогольге жəне есірткіге тəуелді адамдарды есепке алу жəне медициналық-əлеуметтік оңалту амбулаториялық деңгейде 77 бастапқы психикалық денсаулық орталығында жəне ауылдағы 205 психикалық денсаулық кабинетінде жүзеге асырылады. Стационарлық көмек өңірлік психикалық денсаулық орталықтарында көрсетіледі. Есепке алынған адамдар жасаған қылмыстар (осы жылдың басынан бастап 4 мыңнан астам қылмыс қайта жасалды) қоғамдық резонанс тудырады. Осы бағытта бүгін біз «Е-Превенция» арнайы қосымшасын енгізу бойынша жұмыс істеп жатырмыз», — деді Берік Асылов жауабында.

Оның атап өтуінше, аталған қосымша пробация қызметтері мен функциялары есепке алынғандар контингентін бақылаумен байланысты уəкілетті органдар жұмысының тиімділігін арттыруға арналған.

«Бұл жүйе жұмыстағы, оның ішінде кəмелетке толмағандар арасындағы жəне оларға қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу мəселелеріндегі формализмді жоққа шығаруға мүмкіндік береді», — деді Бас прокурор.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді