jasqazaq.kz

Бас прокуратура «азаптау» туралы байбаламға қатысты мәлімдеме жасады

17 желтоқсан 2025, 21:55

Еліміздің Бас прокуратурасы жекелеген БАҚ өкілдерінің азаптау туралы таратқан ақпаратына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Мәлімдемеде масс-медиада жекелеген тұлғалардың тарапынан ҚР ҚК-нің 274-бабы бойынша қозғалған қылмыстық істер шеңберінде тергеу органдарының азаптауды қолданғаны туралы жалған ақпараттары таратылғаны айтылған: «Олар ҚР ҚПК-да қарастырылған заңды тергеу әрекеттерін — жауап алуға қатысу, жауап алуды өткізу, сотпен үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау сияқты әрекеттерді қасақана азаптау ретінде көрсетіп отыр.
Осылайша әдейі қоғамды адастыруда.
Қазақстан заңнамасында азаптау ұғымы нақты анықталған. ҚР ҚК-нің 146-бабына сәйкес, азаптау — лауазымды тұлға тарапынан тән зардабын немесе психикалық зардапты қасақана келтіру.
Бұл анықтама біздің елмен ратификациялаған БҰҰ-ның Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясына, сондай-ақ Ыстамбұл хаттамасының нормаларына толық сәйкес келеді.
Қазіргі таңда прокуратура органдары тарапынан аталған қылмыстық істердің қатысушыларына қатысты тергеушілердің заңсыз әрекеттері немесе азаптау фактілері тіркелген жоқ.
Барлық процессуалдық әрекеттер ҚР ҚПК-ның нормаларын толық сақтай отырып жүргізілуде.
Сондықтан аталған тұлғалар өзіне тиімді қоғамдық пікір қалыптастыру, құқық қорғау органдарының беделін түсіру және қылмыстық істерді толық, жан-жақты және объективті тергеуге кедергі жасау мақсатында жалған ақпарат таратуда.
Осыған байланысты, Бас прокуратура көрінеу жалған ақпарат тарату, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын тұлғаның қызметiне қандай да болмасын түрде араласу үшін қылмыстық жауаптылықтың көзделгені туралы алдын-ала ескертеді».

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді