jasqazaq.kz

Барлық рәсім сақталған – Алматы әкімдігі Бас жоспарды түзету бойынша қоғамдық талқылаулардың өту тәртібі туралы

25 желтоқсан 2025, 12:27

Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын түзету бойынша қоғамдық талқылаулар аясында мұндай іс-шараларды өткізбестен бұрын заңмен белгіленген рәсімдердің сақталуы туралы мәселе көтерілді.

Алматы қаласы Сәулет, қала құрылысы басқармасының басшысы Алмас Жаңбыршының айтуынша, қоғамдық талқылаулар Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылы 30 қыркүйектегі №505 бұйрығымен бекітілген «Қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары және құрылыс жобалары) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларына» (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес өткізіледі.

«Қағидаларға сәйкес, қоғамдық талқылаулар өткізу күні ашық жиналыс түрінде бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап кемінде жиырма күнтізбелік күннен кейін белгіленуге тиіс. Біз 25 қарашада Алматы қаласының Бас жоспарын түзету жобасы бойынша қоғамдық талқылаулардың 24-26 желтоқсан аралығында өтетіні туралы ресми түрде жарияладық. Сонымен қатар, басқарманың сайтында түзету жобасы жарияланды, онымен кез келген адам таныса алды. Айта кету керек, жобаның өзі қанша уақытқа жариялануға тиіс екені Қағидалармен нақты реттелмеген», – деді ол.

Бас сәулетші қоғамдық талқылаулар туралы хабарландыруда барлық қажетті ақпарат көрсетілгенін айтты. Атап айтқанда, қосымша мәлімет алуға, жоспарланған талқылауға қатысты құжаттардың көшірмесін сұратуға болатын электронды пошта мен телефон нөмірі бар.

«Рәсімдердің сақталуына қатысты ескертулерден кейін барлық қағиданы қайта қарап, заң талаптарының толық сақталғанына көз жеткіздік. Сол себепті, қазіргі таңда қоғамдық талқылауларды бұрын белгіленген мерзімде өткізіп жатырмыз», – деді Алмас Жаңбыршы.

JQ-Aqparat

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге