Бапкерді өлтірген күдікті Бішкекте құрықталды

01 тамыз 2023, 18:03

Алматыда кісі қолынан қаза тапқан фитнес жаттықтырушы өліміне қатысы бар күдікті Бішкекте ұсталды. Бұл туралы Қырғыз Республикасының ІІМ-нен мәлім болды.
Бішкектегі жекеменшік қонақүйлердің бірінен 1992 ж.т. А.Б. есімді күдікті ұсталды. Оған Қазақстанның құқық қорғау органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Топтық кісі өлтіру» бойынша іздеу жариялаған.
«Алынған ақпаратқа сәйкес, күдікті өз әрекеті үшін қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында шекараны заңсыз кесіп өтіп, Бішкек қаласының аумағында жасырынған. Қазақстандық әріптестер Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық іздестіру бас басқармасына тергеу органдарынан жасырынып жүрген адамды іздестіру және ұстауға көмектесу туралы өтінішпен жүгінген болатын», — делінген хабарламада.
Күдіктінің танымал клубтың 28 жастағы фитнес жаттықтырушысын атып өлтіруге қатысы бар екені анықталды. Алматы қаласы Наурызбай аудандық полиция бөлімі 31 жастағы күдіктіге іздеу жариялап, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты сырттай қамауға алуға санкция шығарған.
Күдіктінің бұған дейін де ауыр қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылғаны белгілі болды. Қазір ол қамауда отыр.
19 шілдеге қараған түні Алматыда «Fitness Blitz» клубының фитнес жаттықтырушысы Дамир Төребаевты өз пәтерінде атып кеткен болатын.

JQ-Aqparat

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады