Банкрот болмаса, кредит кешірілмейді

31 қазан 2023, 14:08

Егер жеке тұлға банкрот болмаса, оның несиесі кешірілмейді. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова хабарлады. Ол бүгін Үкімет отырысынан кейін өткізілген баспасөз мәслихатында журналистің осы мәселеге қатысты сауалына жауап берді.
Вице-Премьер бұған дейін тұрғындардың қарызы не үшін кешірілгенін түсіндіре келе, «Есіңізде болса, жеке тұлғаларды банкрот деп тану туралы заңнамалық негіз болмағандықтан халықтың бір бөлігінің несиесі кешірілген болатын. Қазір ондай заңнамалық негіз бар. Соның аясында 6 мыңнан астам адам банкроттық жариялау мүмкіндігін алғанын бүгін айттық. Олар банкрот деп танылды. Яғни, олардың мәселесі шешілді» деді.
Бұл бағытта жұмыс жалғаса беретінін, атқарылар шаруаның заңнама аясында, бекітілген тәртіп негізінде жүретінін мәлімдеген Т. Дүйсенова «Банкроттықтан бөлек несиені кешіру процедурасы болмайды» деді.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу