Банкрот болғысы келетіндер көп

07 қыркүйек 2023, 14:45

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жеке адамдардың банкроттығы рәсімі туралы айтты.

Е. Біржанов Сенатта тілшілер сұрағына: «Биылғы 3 наурыздағы «Банкроттық туралы» заң аясында тиісті жұмыстар іске асырылып жатыр. Осы күннен бастап өтінімдерді қабылдай бастадық. Заңға сәйкес, тексеру жүргізуге жарты жыл уақыт қарастырылған. Бұл тұрғыда біз наурызда бірден өтінімді қабылдап, банкрот деп жариялай алмаймыз. Дәл қазір жартыжылдық мерзім өтті. Енді банкрот деп жариялау процедурасы жүріп жатыр. Алғашқы күндері адамдардан түскен 370-тен аса өтінімді қарастырып, оларды банкрот деп жарияладық», — деп жауап берді.

Оның айтуынша, күн сайын банкроттардың тізіміне 100-200 адам қосылып отырады. Соттан тыс банкроттық рәсіміне 65 мың Қазақстан азаматы өтінім берген.

«1 қыркүйектегі жағдай бойынша 10 мың адам банкрот деп жарияланауы мүмкін, бұл адамдар біртіндеп тізімге қосылып отырады. Өтінім күн сайын түсіп жатыр. Тізім толықтырылады. Осы 10 мың адамның шамамен 400-ге жуығын банкрот деп таныдық. Күн сайын банкрот тізіміне 100-150 адам қосылады», — деді вице-министр.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді