jasqazaq.kz

Банкоматтан жыртық ақша шықты (фото)

05 наурыз 2017, 10:48

Талдықорғанда банкомат клиентке жыртық ақша шығарып берген.  Оқиға туралы жазба әлеуметтік желіде пайда болды. «Біздің банкоматтар қызық. Батыста біреуге шимайланған купюра берілгені естеріңізде ме? Бүгін QAZKOM маған жыртылған купюра берді, анығында 5 мың теңгелік ақшаның қиқымы», — деп мәлімдеді жазбаның авторы Ғалымұрат Жүкел бүлінген купюраның суретін жариялап. Айтуынша, ол банкоматтан көп ақша алмаған, шыққан купюралардың арасында жыртылғаны болған. «Ең қызығы, купюраның екінші бөлігін алған адам табылды. Ол маған Facebook желісінде жазды.

Келесі күні кездесіп, ақшаның бүлінген тұстарын сәйкестендіріп көрдік, дәл келіп тұр. Мен ақша алған күні ол да осы банкоматтан ақша шешіпті. Бірақ алып жатқанында купюра қысылып қалған. Қаттырақ тартып қалғанда купюра бүлінген. Кездесуімізден кейін ол банк бөлімшесіне барды, онда оның бүлінген ақшасының орнына басқасын беріпті», — деді Ғалымұрат Жүкел.


Еске салайық, Атырау банкоматтарының бірінен қолма-қол ақша шығару кезінде номиналы екі мың теңге болатын арнайы «пара» деген белгісі бар ақша шыққан еді.

tengrinews.kz

17 қазан, 12:01
Алматыда «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша көше тазалаудың жаңа форматы енгізіледі
16 қазан, 18:24
Алматыда коммуналдық техника паркі жаңартылып, жаңа қар ерітетін кешендер ашылып жатыр
16 қазан, 16:33
Медеу ауданында тұрғындардың өтінішімен 280 метрден астам баспалдақ жаңартылды
16 қазан, 16:13
Дархан Сатыбалды ауа сапасын бақылау мен заңсыз қоқыс орындарын жоюды тапсырды
06 қазан, 11:27
Алматыда Азаматтық қоғамды дамытуға арналған форум өтті
30 қыркүйек, 11:51
Алматы: Сапалы ауыз сумен қамту бағытында
25 қыркүйек, 13:46
Алматы: Көлік инфрақұрылымындағы жаңа белес
25 қыркүйек, 13:15
Бүгінгі Әлемнің Тілеуі – Қауіпсіз Ғалам
23 қыркүйек, 16:23
"Үлкен Алмадағы" жемісті жүздесу