Балжан Бидаш: Өмір сүру үшін жаңа істі байқап көрудемін

27 қыркүйек 2023, 10:43


Әнші Балжан Бидаш әлеуметтік желіде ажырасудан кейінгі табыс көзін іздеп жүргенін ашып айтты.
«Сіздерге бірнәрсе айтуым керек. Ішіме сыймай бара жатыр… Соңғы оқиғадан кейін сіздер көріп жүрген Балжанның ішінде қандай өзгеріс болып жатқанын айтқым келіп тұр. Қай оқиғаны айтып отырғанымды түсініп жатырсыздар ма? Шынымды айтсам, қазір менде бәрі жақсы. Уақыт емші екеніне көзім жетуде. Бүкіл күйзеліс, стрессті тезірек тастауға тырыстым. Нәтижеге жетіп жатырмын. Өзімді қолға алдым, жиналдым. Бұл өмірдің заңы. Әр адамның басынан өтуі мүмкін нәрсе. «Ажырасу — кішігірім өлім» деп бекер айтпаған. Сондықтан мұны ешкімге тілемеймін. Әңгіме болып жатқанын да білемін. «Ары қарай қалай өмір сүресің» деп сұрағанда ғана ол нәрсе есіме түсті. Мен өз ақылыма, сіздердің қолдауыңызға сенемін», — деп жазды.
Сонымен қатар өнер иесі алдағы өміріне алаңдаулы екенін жеткізді. «Алдағы өмірімде бір ғана ой мазалайды. Бұл мен сияқты кезеңде жүрген әйелдер қауымын да алаңдатады. Қиын жағдайға жүрген жандар түсініп отырған болар. Қазір өзіме өзім қорғанышпын. Шүкір, ата-анам, бауырларым аман. Бірақ, мен өзім үшін жауап бергім келеді. Қандай жағдай болмасын тек алға жылжу керек. Алдында Қытайға барған себебім де қосымша табыс көзін іздеу еді. Өкінішке қарай, таппадым. Сонда да тоқтамай, ізденудемін. Менде қазір бір ғана мақсат тұр. Ол — жарқын болашақ. Еркін, тарықпай өмір сүру үшін жаңа істі байқап көруге, ізденуге дайынмын», — деп жазды Балжан Бидаш.
JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді