Балжан Бидаш: Ажырасу туралы бір күнде шештім де, кеттім

10 қазан 2023, 15:35

Әнші Балжан Бидаш актер, экс-күйеуі Жахан Отарғалиевпен не себепті ажырасқанын айтты. Бұл туралы өнер иесі Harper’s BAZAAR Kazakhstan журналына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Менің түсінгенім, адам адамға өмір сүруді үйретпеуі керек. Себебі, әркімнің өз қалауы, таңдауы бар. Махаббат бар жерде қолдау бар. Гармония орнайды. Отбасымда еркін өстім. Әке-шешем ешқашан қалауымнан тыс дүниеге мәжбүрлеген емес. Екі ағам да қаталдық танытатындай қылығым болған емес. Олар әрқашан маған сеніммен қарап, әр бастамама қолдау білдіретін. Бұл өмірде бақытты болу үшін тәтті тамақ пен жақсы киім кию, аздық етеді. Ең бастысы жүрек тыныштығы. Еркімнен тыс дүниелерді жасауға мәжбүр болғандықтан, жан қалауым қанағаттанбағандықтан арамызда түсініспеушілік орнады. Мұның бәрі соңында, ортамызды суытты», — дейді әнші.

Өнер иесі бұрынғы жұбайымен қандай қарым-қатынаста қалғанын айтты.

«Ажырасуды мен қаладым. Бір күнде шештім де, кеттім. Дегенмен, эмоцияға берілмей, оған дер кезінде қолдау білдірдім. Өйткені ол кезең оған да ауыр. Ниетім түзу екенін көрсеттім», — деді ол.

Балжан Бидаштың сөзінше, әлеуметтік желідегі оқырмандары олардың екі бөлек кеткенін қабылдай алмаған.

«Ешқандай блогер өзінің минустарын, ішкі кухнясын, шынайы бейнесін әлеуметтік желіге шығармайды. Біз де сондай инфлюенсерлердің қатарында болдық. Конфликттерді көрсетпедік. Бақытты, қуанышты сәттер де болды. Біздің «позитивті» видеоларымызға үйреніп қалған оқырман, екі жаққа кеткенімізді қабылдай алмады. Басында сенбеді. «Жол» фильмі алдында жасалып жатқан PR қадам деп топшылады», — деді.

Әнші болашақта қайта бірге болмайтындарын да айтты.

«Жаһанның табиғаты бөлек. Тіпті кешірім сұрауы да басқаша. Менің адамым емес екенін сездім. Қайта оралмайтынымды өзі де бірден түсінді. Дос болып сөйлесіп жүрдік. Сол аралықта Жахан «қайта қосылайық» деді. Келіспедім. Себебі болашақ көрмедім», — дейді ол.

Сонымен қатар, күйзелісті қалай еңсеріп жатқанын жеткізді.

«Айырылысқанымызға 3 айдан асты. Бастапқы екі ай өте қиын болды. Жұмысқа бірден кірісіп, алдануға тырыстым. Қанша дегенмен, бауыр басып үлгердім. Сағыну болды. Бірақ уақыт тез өтіп кетті. Жаратушыдан да қолдау сездім. Соңғы нүктеге өзім шешім қабылдағандықтан «қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер» деген жауапкершілік болды. …Мен ары қарай да BIDASH болып сахнаға шыға беремін. Жеке шығармашылықты қолға аламын деген ниет бар. Арық сөйлеп, семіз шыққым келеді», — дейді әнші.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді