Балық өсір, пайдасы оның көл көсір

11 қараша 2016, 18:05

Туырылып піскен қойдың сүбесі, жеңді білектей қазы-қарта, сере шыққан қазы болмаса балықты бұйым көрмейтін көкшетаулықтар облыста балықшылардың тұңғыш қауымдастығы құрылыпты дегенде елең ете түскен.

szwdbgw3csbuhm4y7aogl1wosxgguv

Бұл өзі еліміздегі ең алғашқы құрылым екен. Қармағын сайлап, ауын асынып отырған балықшылармен жүздескен облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Руслан Молдағайыпов салтанатты жағдайда қауымдастық өкілдігін растайтын сертификатты көрсетті.

Қауымдастықтың төрағасы Жеткерген Әбдиевтің пікірінше, бұл ұйымды баяғыда құру керек еді. Әйтсе де, ештен кеш жақсы. Балық бағуға ынталы үміткерлердің сөзінен бұл өзі оңай шаруа емес екендігін аңғардық.
Балық шаруашылығын өркендеткісі келіп, екі білегін сыбанып жүрген азаматтың бірі – Алдаберген Тәшенов. Ол Зеренді ауданына қарасты Ұялы ауылының тұрғыны.

Жиырма жыл ғұмырын осы салаға арнаған. Шаруасына дем берген «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы. Балық өсіруге ынтасы ауған Алдаберген жеңілдетілген несие алып, Шағалалы елді мекенінің жанында көптен бері иесіз жатқан Солдаткөлге елу мың шабақты тоғытып жіберді.
Жеке кәсіпкер Алдаберген Тәшенов «Балық тұқымын іргедегі Зерендідегі балық питомнигінен аламыз. Тіпті Ресейдің бергі аймағын да сүзіп шықтық. Жеке кәсіп ашқан соң табысты болғанын қалаймыз. Қазір біздің көлге шамамен бес тоннаға жуық тұқы, мөңке, рипус тәрізді балық бар. Күніне 100 келіге дейін балық аулаймыз. Алынған өнімді Көкшетау мен Зерендідегі сауда нүктелеріне өткіземіз. Астанаға да жеткіземіз. Біз негізі аулаған балығымыз бүлініп кетпеуі үшін тапсырыспен жұмыс істеуді тиімді санап отырмыз», – дейді.

57fb3e1d71d881476083229
Алдаберген Тәшенов Зеренді ауданының Ұялы ауылында мектеп бітірген. Кейін білімін Ресейдің Иваново қаласындағы энергетикалық колледжде жалғастырды. Оқуын бітірген соң туған ауылына келіп, отбасылық кәсіпті жалғастыруды жөн санайды. Ол «Отбасым балық шаруашылығымен айналысты. Мен олардың ізін жалғастырып жатырмын. 1994 жылы жеке кәсібімізді аштық. Бүгінде Зеренді ауданында екі су қоймамыз бар. Су қоймасында 5 тоннаға жуық балық өсірудеміз. Бала кезімде жиі балық аулайтынмын. Өз өмірімді қиын да қызықты салаға арнадым», – дейді.
Оның айтуына қарағанда, балық аулаудың көлемі әрқилы. Алдымен, ауа райына, содан соң тұтынушының талабына тікелей байланысты. Қазір балықтың қымбат түрін өсіруді қолға алған.
Жеке кәсіпкер жеңілдетілген пайызбен 2,5 миллион теңге несие алыпты. Бұл қаржыға елу мыңға таяу тұқының тұқымын көлдің табанына жіберген. Әуел баста олардың салмағы небары жүз грамдай ғана болады екен. Оған қоса Ресейдің Челябі аймағынан сиг балығы жеткізілген.
Уақытында салығын төлейтін балықшының бір арманы субсидия алу. Кәдімгі төрт түлікті бағып жатқан малсақ қауым сияқты субсидия төленсе деп армандайды. Жеке кәсіпкердің жұртқа да пайдасы аз емес. Қыс айларында екі жұмысшы ұстайды. Ал науқандық шаруа кезінде тұтас бригада.
– Браконьерлер басынбай ма? – деп сұрадық біз.

balyk-2
– Жоқ, халықтың мәдениеті жақсарып келеді. Анда-санда болмаса, тәртіп бұзып жатқандар оншалықты көп емес. Рас, алғашқы бетте құдайдың тегін дүниесіндей көргендер болды, – дейді балықтың бақташысы.
Қазір Ақмола облысында осы салаға қатысты табиғат қорын пайдаланушы ретінде 250 нысан тіркелген. Айтарлықтай көп емес. Соған қарамастан, олардың бір бөлігі су айдынын жалға алу келісімшарттарын бұзып жатыр. Себеп дейсіз бе? Себебі мынадай, мораторий жарияланғаннан бері балықшылар сан алуан тексерістен көз ашпаған. Өздерінің айтуына қарағанда, бірде бірі қайтарым бермеген. Жалгерлер бір күннің қамымен және лезде байып кету пиғылынан ада. Олар онсыз да құрғап бара жатқан, қамыс басқан су көздерін тәртіпке келтіріп, балықтың түр-түрін көбейтсек пе? – деп отыр. Ал балық дегеніңіз – ең алдымен, көл-көсір байлықтың өзі.
Ел ақсүйек жұтқа ұшырап, тігерге тұяқ қалмай қалған заманда аштықтың арандай ашылған аузынан аман қалып қалған да осы балық. Жаңадан құрылған қауымдастық енді осы шаруаға серпіліс беретін шығар.
Балықшылардың айтуына қарағанда, бұл саланың өнімі мал шаруашылығынан отыз есе жылдам екен. Ал жұмсалар шығыны айтуға да тұрмайды. Міне, сондықтан да елімізде балық шаруашылығын дамыту мәселесі бүгінде өзекті. Ал Алдаберген сынды еңбекқор, Бейнетіне батып балық баққан азаматтар сол саланың дамуына айтарлықтай үлес қосары айдан анық.

Байқал Қайырлыұлы,
Ақмола облысы

17 шiлде, 19:00
Ұлы мұрат - тәуелсіздік
16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде