Балмұздақпен алдап, алтын сырға ұрлапты (Видео)

20 қыркүйек 2023, 12:02

Шымкенттік әйел кішкентай қыздардың алтын сырғасын шешіп алған.
Тұран ауданының тұрғыны кішкентай қызының алтын сырғасын бір әйел шешіп алғанын айтып, шағымданған. Ол әйел аулада ойнап жүрген 7 жасар қызға барып, өзін «анаңның құрбысымын» деп таныстырып, «балмұздақ алып беремін» деп алдап, құлағындағы қымбат сырғасын шешіп, із-түзсіз жоғалып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тергеушілер барлық ықтимал куәгерлерді жауапқа тартып, оқиға орнына жақын орналасқан бейнебақылау камераларының жазбаларын тексерді. Олар күдіктіні анықтап, ұстады.

Тергеуші Нұрдәулет Аязхановтың айтуынша, 23 жастағы күдіктінің басқа да қылмыстық істерге қатысы бар болып шыққан. Бұған дейін ол тағы бір кішкентай қыздың алтын сырғасын дәл осындай жолмен ұрлап кеткен, сондай-ақ егде жастағы әйелдің ақшасын телефонындағы интернет-банкинг арқылы өзіне аударып алған.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді