jasqazaq.kz

Балқашта жігіттер төрт қызды танысудан бас тартқаны үшін көлге батырып жібермек болды

15 тамыз 2025, 9:22

Сурет: Видеодан кадр

Танысудан бас тартқаны үшін көлге батырып жібермек болды. Балқашқа демалуға барған апалы-сіңілі төрт қыз қайық тізгіндеген жігіттердің кесірінен ажал құша жаздағанын айтты. Олар диванға мінерде жүзе алмайтынын ескертіпті. Бірақ соған қарамастан, катер тізгіндеген жігіттер бойжеткендерді суға лақтырып кеткен, деп хабарлайды jasqazaq.kz. КТК-ға сілтеме жасап.

Аружан Мағзұм: — Барлығымыз бір-бірімізге соғылып, төртеуміз де суға түсеміз. Менің сіңлім 15-20 метрдей алға қарай тұншығып, су астына диванмен бірге ұшқан. Судың ортасында тура бір-бірімізді алып шықпасақ, бізді ана жақта ешкім де алып шықпас еді. Иә, қырындады, танысу, ха-ха, хи-хи сондай ғана олардың мәселесі. Біз жігітіміз бар дедік. Содан кейін менің көзімше олар әдейі суға лақтырып, қарап тұрды.

Қыздардың бірі есінен танған. Қасындағы әпкесі қанша абдырап қалса да, сіңілісін жағаға шығару үшін барын салыпты. Дәрігерлер екі қызға «аспирациялық пневмония» диагнозын қойып бір-екі аптаға ауруханаға жатқызыпты. Жәбірленуші Аружан Мағзұм: “ең сорақысы, жігіттер әлі сол демалыс орнында жұмыс істеп жүр” дейді. Бойжеткен пансионат әкімшілігінен қайық жүргізушілерінің жұмыстан кетуін талап етіпті. Полиция аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғап, жауаптыларды тергей бастаған.

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы: — Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысы бар барлық адам анықталып, жауап алынды.Құқық бұзушылықтың жасалуына себеп болған жағдайлар мен мән-жайды толық анықтау, сондай-ақ кінәлілерді заң аясында қатаң жауапқа тарту мақсатында тергеу жүріп жатыр.

24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?