jasqazaq.kz

Баласын бауырынан тепкендер

13 ақпан 2017, 15:21

Жыл сайын Қазақстанда мыңға жуық ата-ана өздерінің балаларын тәрбиелеу құқығынан айырылады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Полицияның өтінімімен жыл сайын соттар мыңға жуық ата-ананы балаларын тәрбиелеу құқығынан айырады. Осы арқылы әлеуметтік жетімдіктің деңгейі жасанды жолмен артып отыр», – деді министр. ҚР ІІМ мәліметіне қарағанда, бүгінде полицияның профилактикалық есебінде 12 мыңнан астам тұрмысы нашар немесе бала тәрбиесіне немқұрайлы қараған отбасылар тіркелген және осыларда 16 мыңнан астам бала тұрып жатыр. «Өткен жылы бала тәрбиесінде міндеттемелерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 5,5 мыңнан астам ата-ана тартылды. Балаларға қатал қараудың 44 фактісі анықталды, мыңнан астам адам ата-ана құқығынан айырылды. Шын мәнінде, олардың барлығы полицияның ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік қызметтер мен қоғамдастықтың назарында болуы тиіс. Әрине, полицияда тұрмысы нашар немесе бала тәрбиесіне немқұрайды қараған отбасыларға ықпал етудің тиісті тетіктері бар, алайда олардың барлығы тек репрессивті сипатқа ие», – деді Қосымов. Сонымен қатар ол балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа отбасындағы әлеуметтік-тұрмыстық және мәдициналық сипаттағы проблемалар жиі әсер ететінін жеткізді.

 

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді