jasqazaq.kz

«Балапан» былдырласын, міңгірлемесінші!..

31 қантар 2017, 13:13

Бүгін таңертең «Балапан» телеарнасын қосып, қарап отырған ұлым «Әке, мына қыз не айтып жатыр? Сөзін түсінбедім. Айтып беріңізші» — деп жан-алқымнан алды. Қарасам, «Алғыр алтау» деген бағдарламаны көрсетіп жатыр екен. Кадр сыртындағы мәтін. Ұлымның айтқаны рас екен, әлгі қыздың (не журналист, не диктор болуы мүмкін) сөзін түсіну мүмкін емес. Әр сөзін мұрынға сүйеп, міңгір-міңгір етеді. Шай ішіп отырғам, аузымдағы асты жұта алмай қалдым.

«Балам, сен де қай-қайдағыны сұрайды екенсің» — дедім ана мұрынға тығылып шыққан дауыстан жиіркеніп. Кадр сыртындағы мәтін аз емес, қойдың ішегіндей ұзақ сөйлем. Соны басынан аяғына шейін мұрынмен міңгірлеп отыр-міңгірлеп отыр. Естіген мың-миллион балапан құлақты емес, оқып отырған тілшіге жаным ашыды. «Тұмау тиіп қалған сияқты ғой» — деді жолдасым. «Тұмауын білмеймін, шайың шай болмады» — деп орнымнан тұрып кеттім.
Қу шөппен ауыз сүртуге болмас, «Балапанды» көріп, балаларымыздың тілінің түзелгені рас. Бірақ сондай тәтті арнаның «міңгірін» естігім келмеген еді. Басқа-басқа, «Балапан», сен былдырлашы, міңгірлегеніңді естімей-ақ қояйық!..
Құрметті, «Балапан» арнасының басшысы Ләйлә Сұлтанқызы, бір уақ «Әйел бақытынан» қолыңызды босатып, «Балапанға» да қарап қойыңызшы! Бал тілді «Балапан» былдырласын, міңгірлемесінші!

Жарас Кемелжан

журналист

15 желтоқсан, 14:01
Алматының индустриалдық аймағы – даму драйвері
12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет
09 желтоқсан, 13:10
Алматы өңдеу саласын дамытуды жеделдетті
04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді