jasqazaq.kz

Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді

12 желтоқсан 2025, 17:02

Астанадағы International Steppe School мектебінде жаңа, интерактивті форматта ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың басты тақырыбы — балалар мен жастарды есірткіден қорғау болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиналыс ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті мен Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің бірлескен жұмысы аясында ұйымдастырылды. Бұл жиында ресми баяндаманың орнына ашық диалог болды, құрғақ статистика орнына нақты мысалдар келтірілді. Сонымен қатар ата-аналар мен жасөспірімдерге төніп тұрған нақты қауіптер туралы ашық әңгіме өрбіді.

Жиналыс барысында мамандар төмендегілерді егжей-тегжейлі түсіндірді: Кәмелетке толмағандарды заңсыз есірткі айналымына тартудың қазіргі әдістері; Есірткі қолданудың сыртқы және мінез-құлыққа тән белгілері; Ата-аналарға дер кезінде балаларға көмек көрсетудің маңызы. Жиналыста ата-аналарды «тест әр үйге» профилактикалық форматы ерекше қызықтырды. Оларға бұл тексеруді өз бетімен, жылдам және қолжетімді түрде жүргізуге болатыны тәжірибе жүзінде көрсетілді. Бұл құрал профилактиканың негізі — отбасынан басталатынын айқын көрсетті.

Негізгі бөлімнен кейін зал бірден тарамады. Ата-аналар белсенді сұрақ қойып, жеке бақылаулары мен қиын жағдайларды талқылады, сонымен қатар профилактикалық жұмысты күшейтуге өз ұсыныстарын айтты.

polisia.kz

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді