jasqazaq.kz

Балалар ойыншығының 40 пайызында зиянды заттар бар

19 қазан 2016, 18:10

20161019165219

Ағымдағы жылғы  9 айдағы балалар ойыншықтарына жүргізілген мониторинг нәтижесі ел нарықтарында сатылатын ойыншықтардың 40 пайызы сапасыз екенін көрсетті.  Бұл туралы еліміздің  Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Барлығы 1277 сынама алынды, оның 510-ы нормаға сәйкес келмейді. Сауда орындарын тексеру өнімдердің басым бөлігінде сапа және қауіпсіздік сертификаттары жоқтығын көрсетті. Бұдан басқа, тауарды таңбалауда талаптардың бұзылғандығы анықталды. Ойыншықтар санитарлық-химиялық, токсикологиялық көрсеткіштер бойынша қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді. Барлық қауіпті ойыншықтар айналымнан алынды», — делінген хабарлмада.

Ведомствоның деректеріне сүйенсек, сатылатын ойыншықтар мен ойындардың 90 пайызы Қытайдан әкелінеді.

«Ойыншықтар БҚО, СҚО, Қызылорда облысы, Ақтау қаласы және Қазақстанның басқа да ірі қалаларынан тәркіленді», — делінген хабарламада.

Рудныйда Paw Patrol ойыншықтары  органолептикалық, физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмейтіні анықталды, иісі басым, құрамында фенол бар.

Қызылордада  «Шахмат» және «Шашки/Шахматы/Нарды» үстел ойындарында формальдегид   көп мөлшерде екені анықталды. Жамбыл облысында «KaiZhi Tidland eden құмсалғышында формальдегид табылды. Барлығы Қытайда шығарылған.

ҚазАқпарат

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді