jasqazaq.kz

«Балақайлар мектебі» бүлдіршіндерді мектепке бейімдейді

19 тамыз 2025, 17:30

2025 жылғы 19 тамызда Орал қаласындағы №52 жалпы білім беретін мектепте «Келешек мектептері» жобасы аясында «Балақайлар мектебі» тақырыбында баспасөз туры өтті.
Іс-шарада педагогтар мен ата-аналар бастауыш сыныптарды жаңа форматта оқыту тәжірибесімен бөлісті.
«Балақайлар мектебі» – мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бүлдіршіндерді бейімдеуге арналған маңызды жоба. Қазіргі таңда мектебімізде 1480 оқушы білім алуда, оның ішінде 172 бала 1-сыныпқа өтініш беріп, 156 бала дайындық курсына қатысып жатыр. Бұл курс балалардың танымдық дағдыларын дамытуға, сөйлеу, жазу және шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге бағытталған. Алдағы оқу жылында 1-сыныптарға 8 сынып-комплекті жасақталды. Мектеп жаңа оқу жылына толық дайын», – деді №52 жалпы білім беретін мектептің директоры Самал Рахметуллина.


Бастауыш сынып мұғалімі бұл жоба балалардың ойлау қабілеті мен шығармашылығын дамытуға үлкен септігін тигізетінін атап өтті. Ата-аналар «Балақайлар мектебі» арқылы балалардың мектепке деген қызығушылығы артқанын және сенімділікпен оқуға дайындалатынын жеткізді.
JQ-Aqparat
Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігі

Бүгін, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр