Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы көбейеді

07 тамыз 2023, 13:49

1 қыркүйектен бастап балабақшада жұмыс істейтін тәрбиешілердің жалақысы 30 пайызға өседі. Бұл туралы Орталық коммуникциялар қызметі алаңында өткен брифингте оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева мәлімдеді.

Департамент директорының сөзінше, соңғы төрт жылда тәрбиешілердің жалақысы 25 пайызға өсті.
«2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап мектепке дейінгі мекемелер педагогтерінің жалақысы тағы 30 пайызға көтеріледі. Мұндай шаралар мектепке дейінгі мекемелерге педагогтерді тартуға септігін тигізеді. Өйткені, өздеріңіз білетіндей, бүгінгі күні кадр тапшылығы бар, — деді Наталья Жұмаділдаева.

Сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке тұрудың бірыңғай базасын енгізу жүзеге асырылады.
Бұл қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етеді, деректердің бірыңғай тізілімін қалыптастырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

JQ-Aqparat

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады