jasqazaq.kz

Балабақшада орыс қызына «әпшу» берген 3 жасар ұлдың үстінен сотқа арыз түсті

24 тамыз 2017, 15:21

Балабақшада орыс қызына «әпшу» бергені үшін 3 жасар ұлдың үстінен меңгерушіге атына арыз түскен.

Қазақ балабақшасында 3 жасар ұл «әпшуін» тартып, құрбы орыс қызына:

– Мə, “әпшу” – депті.

Ол қыз түсінбей, анасына айтады. Анасы заңгер екен. 3 жасар ұлдың үстінен балабақшаның меңгерушісіне бəйәдеп сөз айтты деп арыз жазады. Меңгеруші не істерін білмей, ұлдың ата-анасын шақырады. Ұлдың əкесі қазақ салтын айтып, түсіндіріп əлек болды.

Меңгерушімен жолығуға келген менің олардың сөздерінен ішім пысып кетті.

“Несіне бастарыңды қатырасыңдар? Сотқа бер, істеріңді істеп ал, демейсіңдер ме! Ойбай, орыс қызы қазақ бақшаға келіпті деп енді бір біріңді соның алдында езесіңдер ме? Бұл қазақ салты, 4-5 ке келгенде сүндетке отырғызады, сонда қояды демейсіңдер ме? 3 жастағы балаға солай істеуге болады, деңдер. Онда тұрған түк жоқ. Келіспесе, соттасын 3 жастағы баланы. Несіне жасқанасыңдар? Бастарыңды қатырмаңдар”, – деп жазады Айгүл Қоқай есімді желі қолданушысы.

stan.kz

Бүгін, 18:24
Алматыда коммуналдық техника паркі жаңартылып, жаңа қар ерітетін кешендер ашылып жатыр
Бүгін, 16:33
Медеу ауданында тұрғындардың өтінішімен 280 метрден астам баспалдақ жаңартылды
Бүгін, 16:13
Дархан Сатыбалды ауа сапасын бақылау мен заңсыз қоқыс орындарын жоюды тапсырды
06 қазан, 11:27
Алматыда Азаматтық қоғамды дамытуға арналған форум өтті
30 қыркүйек, 11:51
Алматы: Сапалы ауыз сумен қамту бағытында
25 қыркүйек, 13:46
Алматы: Көлік инфрақұрылымындағы жаңа белес
25 қыркүйек, 13:15
Бүгінгі Әлемнің Тілеуі – Қауіпсіз Ғалам
23 қыркүйек, 16:23
"Үлкен Алмадағы" жемісті жүздесу
22 қыркүйек, 15:31
TEKNOFEST 2025: Стамбулды технология ордасына айналдырған фестиваль өтті