jasqazaq.kz

Байланыс операторының «тәбетін» тежеу керек

23 ақпан 2023, 15:46

Жасыратыны жоқ, біздегі байланыс операторлары жылдың кез келген мезгілінде тарифті «құбылтып», бағаны өсіріп жіберетіні бар. Оларды ауыздықтауға цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің де шамасы келмеді.

Енді бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі байланыс қызметіне қатысты өз ұсынысын енгізді.

«Агенттікке ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспарға енгізілген қызметтер көлемін біржақты өсіру бойынша өтініштер түсті. Материалдарды талдаудан кейін ұялы байланыс операторлары тарифтік жоспарда абоненттер талап етпесе де қызмет көлеміне шамалы өзгерістер енгізетіні анықталды. Сонан соң бір мезгілде тарифтік жоспардың құны артады. Осыған орай Агенттік ұялы байланыс операторларының тариф талаптарын өзгертуге тыйым салуы туралы ұсынысты жолдады», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Агенттіктің ұсыныстарын wифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қарап жатыр.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді