jasqazaq.kz

Байқоңырда 52 млн теңге жымқырған бас есепші 7 жылға сотталды

02 желтоқсан 2025, 10:04

Қызылорда облысы Байқоңыр қаласының прокуратурасы білім беру ұйымдарының 2022-2024 жыл аралығында бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығына жүргізілген талдау нәтижесінен кейін мемлекет бюджетін жымқыру фактісін анықтады.

— Орта білім беру ұйымының бас есепшісі бірнеше мұғалімдердің есеп шоттарына артық жалақы аударып, аударылған артық қаражаттарды өзінің жеке есепшотына қайта аудару арқылы жымқырған. Салдарынан мемлекеттік бюджетке 52 млн теңге залал келтірілген, — делінген прокуратура хабарламасында.

inform.kz хабарлағандай, аталған факті бойынша Байқоңыр қаласы прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, істі сотқа жолдады.

Сот үкімімен мектептің бас есепшісі кінәлі деп танылып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты Қылмыстық кодекстің 74-бабына сәйкес жаза өтеу мерзімі 5 жылға кейінге қалдырылды.

 

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді