Ресейде Байқоңыр қаласы бойынша Зейнетақы қоры бөлімшесінің 2017 жылғы қаңтардағы РФ азаматтарына ғана 5 мың рубль (шамамен 27 мың теңге) біржолғы төлем төлеу туралы хабарландыруы қоғамдық резонанс тудырды.
Байқоңыр қаласының тұрғындарын зейнетақымен қамтамасыз ету РФ Үкіметі мен ҚР Үкіметі арасындағы РФ заңнамасының нормалары бойынша 1996 жылғы 27 сәуірдегі ҚР Байқоңыр қаласы тұрғындарының зейнеткерлік құқықтарының кепілдіктері туралы келісімге сәйкес жүзеге асырылады. 2005 жылғы сәуірден бастап РФ Байқоңыр бойынша ЗБ байқоңырлықтарды — Ресей азаматтары, Қазақстан азаматтары, өзге мемлекеттер азаматтары және Байқоңыр қаласының аумағында тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға зейнеткерлік қызмет көрсетумен айналысады. Сондықтан Байқоңыр қаласы аумағында тұратын ҚР азаматтары, зейнеткерлерге субсидиядан бас тарту себептері жайлы мәселе заңды. Бұл өткір мәселеге қаланың қоғамдық өзін-өзі басқару кеңесі назар аударды. Бірінші отырыс 2017 жылы таяуда өтті. Біржолғы ақшалай төлем бойынша зейнеткерлерге түсіндіріп, ЗҚ бөлімшесінің орынбасары Гүлжан Шәбдірова сөз сөйледі. Ол 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап «Зейнетақы алатын азаматтарға біржолғы ақшалай төлем төлеу туралы» № 385- федералдық заңы күшіне енді. Заңға сәйкес төлем РФ аумағында тұрақты тұратын және 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы алушыларға көзделген. «Төлем мәселесі ҚР азаматтары болып табылатын зейнеткерлер арасында қоғамдық резонанс тудырды. Осыған орай Байқоңыр қ. бөлімшесінің басшылығы Ресей еңбек министрлігіне жүгінді. Жауапта біржолғы төлем зейнетақы емес, әлеуметтік төлем ретінде жіктелетіні және ҚР мен РФ Үкіметтері арасындағы Байқоңыр қаласы тұрғындарының зейнеткерлік құқықтарының кепілдіктері туралы келісім, 1998 жылғы ҚР мен РФ Үкіметтері арасындағы азаматтардың әлеуметтік құқықтарының кепілдіктері туралы келісім негізінде жүргізіліп жатқаны түсіндірілген. Осыған байланысты, ҚР азаматтары болып табылатын зейнеткерлер субсидия алуға құқықтары жоқ. Бүгінде 500 рубль көлемінде біржолғы төлемді РФ азаматтығы бар 2726 зейнеткер алды», — деп атап өтті Г. Шәбдірова. Қала әкімшілігі сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, бөлімшеде есепте зейнетақы және біржолғы төлем алатын — Ресей, Қазақстан және басқа да мемлекеттер азаматтарынан барлығы 6500-дан астам адам тіркеуде тұр.