Бағлан Әбдірайымов: Таяқтан емес, коментарийден өлетін шығармыз

01 тамыз 2023, 12:01

Әнші Бағлан Әбдрайымов тойда төбелесіп, желіні шулатқан әріптесі Ұланғасыр Қамиев туралы айтты. “Кеше Ұланғасырдың видеосын көріп қалдым. “Төбелес пе? Төбелес!” – деп аса назар аудармадым. Жігіт қой, басы аман болсын” дедім де, жылы жауып қойдым”, – дейді Бағлан Әбдрайымов.

Өнер иесінің айтуынша, Ұланғасырды жерден алып жерге салғандардың арасында өнердегі әріптестері де бар.

“Пікірлерді қарап қалсам, ана жерде сын-пікір жаза алмайтын, қарғысқа ұқсас коменттің ішінде өнерге қатысы бар жігіттер де жүр ғой. Таяқтан емес, комментарийден өлетін шығарсың. “Айналайындар ай, әкеңнен алмаған сабақты кейде өмірден аласың. Басыңа келуі мүмкін, өйткені сен де өмір сүріп жатырсың. Ұят болады! Адам сияқты сүрінуге де болмай ма, кедергі жасамаңдар” дедім ішімнен”, – делінген жазбада.

Желі қолданушылары да Бағлан Әбдрайымовтың бұл ойын қос қолдап қолдады.

“Өте дұрыс. Бас жарылса, бөрік ішінде дейтін қазақ едік”, “Ер жігіттің басынан не өтпейді?”, “Басына тиген соң сабақ алады”, “Ешкім түзу, аппақ, тегіс, жолмен жүрмейді”, “Жығылғанға жұдырық боп…”, – деп жазды желідегілер.

JQ-Aqparat

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады