Бағдат Сәмединова: Қазаққа хиджап киген жараспайды

15 қыркүйек 2023, 21:01

Еліміздің Еңбек сіңірген әртісі Бағдат Самединова хиджаб киюге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы өнерпаз Ұйқым келмейді бағдарламасына берген сұхбатта айтты.
Әнші түріктер хиджабты тек үйде киетінін жеткізді.
«Түріктердің ішінде жүрдім ғой, күндіз кәдімгі жалаңбас шаруасын бітіріп, үйіне барғанда орамалын жамылады. Белгілі бір жерге барғанда ғана жамылатын шығар. Біздің ата-бабамыз кезінде хиджаб жамылып, жүзін жасырған жоқ қой. Енді сол бола берсе, қажеті не сол хиджабтың. … Хиджаб киіп жүрген қыздардың хиджабты ашып жіберген неше түрлі жағдайын көрдім. Мен соған жалпы риза емеспін. Басқа елді білмеймін, бірақ біздің қазаққа хиджаб кию үйлеспейді әрі жараспайды», — дейді ол.
Сондай-ақ, өнер иесі «домбыра – харам» деген даулы мәселеге пікір білдірді.

«Домбыра — біздің ұлттық аспабымыз. Әр қазақтың үйінде домбыра ілін тұрсын. Себебі домбыра — біздің үніміз, біздің жан-жүрегіміз. Онымен лириканы да, керемет күйлерді де орындауға болады. Қандай керемет. Домбыра үнін тыңдағанда өне бойым елжірейді. Домбыраны қалай харам етуге болады?!» — дейді әнші.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді