Бағдат Анарбаева: Алматыда волонтер болғысы келетін жастар көп

05 қыркүйек, 12:26

Алматы – белсенді жастардың қаласы.  Жастардан құралған волонтерлік ұйымдар шаһардың дамуына, әлеуметтік саланың ілгерілеуіне, экологиялық таза ортаны қалыптастыруға өз үлесін қосып келеді. Jasqazaq.kz тілшісі Алматы қаласы бойынша волонтерлар фронт-офисінің жетекшісі Бағдат Анарбаевадан қаладағы волонтерлік бағыттың қалай жүзеге асып жатқанын сұрап-білді.

— Бағдат Бекболатқызы, Алматыда қанша волонтерлік ұйым бар? Биыл волонтерлердің қатысуымен қандай іс-шаралар өтті? Ерікті болуға жастардың белсенділігі қалай?

— Өздеріңіз білесіздер, Алматы — жастардың қаласы. Содан да болар, ерікті болып, қоғамға өз пайдасын тигізгісі келетін белсенді жастардың қатары көп. Қаламызда  50 мыңнан астам азаматты біріктіретін волонтерлердің 30-дан астам ірі ұйымы бар. Биыл жыл басынан бері олар 500-ден астам іс-шаралар мен түрлі тақырыптағы акциялар өткізді. Алматыда тұрмысы төмен отбасыларға  қамқорлық жасау, қоршаған орта мен экологияны қорғау, мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдеп, қолдау көрсету сынды қызметтің әр түрлі салаларына арналған ұйымдар мен бастамалардың кең ауқымын қамтитын волонтерлік қоғамдастық бар. Біздің ұйымдар әртүрлі бағыттағы іс-шараларды өткізеді. Мәселен, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға ағылшын тілін үйретеді, қарттарға арналған пансионаттарда шығармашылық ән-кештерін ұйымдастырады, жануарларды және қоршаған ортаны қорғауға белсене атсалысады.

Жаз  мезгілде қаланың барлық аудандарында адам көп жиналатын саябақтарда волонтерлер отандық фильмдердің тегін көрсетілімін ұйымдастырады. Биыл жазғы маусымның басынан бастап 10 000-нан астам адамды қамтыған 40-тан астам ашық аспан астындағы фильмдер көрсетілді.

Сонымен қатар еріктілер ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған қысқа мерзімді тіл үйрену курстарын өткізді. Қаржылық сауаттылық, маркетинг, мобилография, smm сияқты бағыттар бойынша оқыту жүргізілді.

— Волонтерлік ұйымдардың жұмысын жүзеге асыруға қаржылай көмекті демеушілер ұсына ма? Қоғамдық қорлар да өз үлесін қоса ма?

— Әрине, сауалыңыз орынды. Біздің қаламыздағы волонтерлік ұйымдарға кәсіпкерлер демеушілік етеді. Одан бөлек, жиын пунктінің жұмысына «Qamqor Charity», «Қазақстан Еріктілер лигасы», «Newman», «Тепло», «Халық» қоры сияқты 30-дан астам ірі қайырымдылық қорлары көмектеседі. Сонымен қатар елімізде төтенше жағдай орын алған кезде арнайы есепшот ашылып, халықтан жылу жиналады. Қаражат төтенше жағдайдан зардап шеккен аймақтарға  азық-түлік немесе қажетті жабдықтар ретінде жеткізіледі.

— Алматы қаласындағы волонтерлік фронт-офис еріктілер қозғалысын әрмен қарай дамыту үшін қандай жұмыстар жүргізуде?

— Қазір қаламызда волонтерлік қозғалыс бір ізге қойылған.  Ерікті болғысы келетін жастардың қатары күн санап артып келеді. Бұл бағытты кәсіби түрде дамыту үшін олардың көшбасшылық, коммуникативтік дағдыларын дамытуға арналған семинар-тренигтер ұйымдастырамыз. Оларға бағыт-бағдар береміз. Біздің фронт-офисте  жүйелі негізде оларды оқыту, дамыту, жан-жақты қолдау көрсету қолға алынған. Олар үнемі арнайы шеберлік сабақтарына қатысып, біліктілігін жетілдіріп отырады.

— Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Мақпал Махаметқызы

26 желтоқсан, 17:55
Пәлен жерде алтын бар. Барса...
23 желтоқсан, 18:08
Жаңа жылда Kaspi Red+ арқылы шоппинг үшін 15% бонус!
20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?