jasqazaq.kz

Бақытбек Есентаевтың соты жалғасуда

31 қазан 2016, 11:27

20161018175949

Талдықорғанда Бақытбек Есентаевтың соты жалғасуда. Жабық режимдегі бұл жолғы сот отырысында  қос тарап жарыссөзге шығады. Бақытбек Есентаевтың қорғаушыларының бірі  Мырзатай Мұхтар Біржанұлы бүгінгі сот отырысына Баян Мақсатқызының да келетінін айтты.

Айта кетейік, Бақытбек Есентаевтың соты 18 қазанда басталған болатын. Алғашқы  тыңдалымға  Баян Мақсатқызы қатысты. Ол өзінің бұрынғы күйеуін толықтай кешіргенін  айтып,  бас бостандығынан айырмауды өтінді.

Бақытбек Есентаев зорлық-зомбылық, зорлау фактілерінен өзге адам өлтіруге оқталу бабы бойынша жауапқа тартылуда. Ең ауыр бап та осы. Қазіргі таңда заңгерлердің басым бөлігі зорлау, зорлық-зомбылық баптары бойынша іс қысқартылса да, адам өлтіруге оқталу бабы бойынша Бақытбек Есентаев жазаға тартылуы мүмкін, деген пікірлерін білдіруде. Ал процестің бір ерекшелігі бұл жерде алқа билері қатысуда. Шешімді алқа билер қабылдайды.

Естеріңізге сала кетейік,  маусым айында Есентаевтардың отбасында болған жағдай қалың жұрттың жағасын ұстатты. Бақытбек Есентаев өзінің 20 жыл бойы отасқан әйелін пышақтап, ауруханадан бір-ақ шығарды.

ҚазАқпарат

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді