jasqazaq.kz

Бақытбек Есентаев: Мен кінәлі емеспін

03 қараша 2016, 16:20

20161019163753

Бүгін Бақытбек Есентаев сотта соңғы сөзін сөйледі. Ол өз сөзінде кінәлі емес екендігін жеткізді.

«Бақытбек Есентаев сотта сөйлеген соңғы сөзінде өзінің кінәлі емес екендігін жеткізді. Ол Баянды өлтіруге оқталмағандығы жөнінде айтты», — дейді Есентаевтың қорғаушысы. «Сот оның сөзін ескермеді. Керісінше оны адам өлтіруге оқталды деп таныды. Олай емес. Бақытбек тек дене жарақаттарын салды» дейді, қорғаушы. Қазір қорғаушылар «Бақытбек Есентаевқа тағылған айыппен келіспейміз» деп отыр. Енді олар аппеляциялық шағым түсірмек. Бақытбек Есентаев зорлау, зорлық-зомбылық баптары бойынша ақталып шықты. Ал адам өлтіруге оқталу бабы бойынша кінәлі деп танылып 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ, соңғы сот отырысына Бақытбек Есентаевтың қыздары да. Баян Мақсатқызы да келмеді. Айта кету керек, Бақытбек Есентаевтың соты 18 қазанда басталды. Іс Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Естеріңізге сала кетейік, Баян Мақсатқызы биыл 10 маусымда бірнеше жерден пышақталып, ауыр жарақатпен Талғар ауданындағы ауруханаға түскен болатын. Белгілі продюсер, екі баланың анасы Баян Мақсатқызын өзінің күйеуі өлтірмек болды деген күдікпен Бақытбек Есентаев ұсталып, қамауға алынды. Сондай-ақ қазіргі таңда танымал продюсер әлеуметтік желідегі парақшаларында атын Баян Мақсатқызы деп өзгерткен.

ҚазАқпарат

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді