jasqazaq.kz

БАҚ мәселесіне қатысты заң жобасы талқыланады

01 қараша 2016, 10:57

20161031202741БАҚ мәселесіне қатысты заң жобасы бойынша жұмыс тобының алғашқы отырысы өтеді. Бұл туралы Фейсбуктегі парақшасында Ақпарат және коммуникация министрі мәлім етті.

«Қымбатты достар! Біздің министрліктің сайтына «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы орналастырылды. Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ол салыстырмалы кесте түрінде беріліп отыр. Жоба көпшілік талқылауына ұсынылып отыр. 2 қарашада журналистер мен сарапшылардан, қоғам қайраткерлері мен мемлекеттік органдардың өкілдерінен құралған жұмыс тобының отырысы өтеді. Топ мүшелерінің тізімімен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыздар», — делінген министр жазбасында.

Еске салайық, бұдан бұрын ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі аталған заң жобасының Тұжырымдамасы төңірегінде қоғамдық пікірталас ұйымдастырған болатын. Осыған орай жобаны жетілдіруге қатысты көптеген идея, ескертпелер және ұсыныстар түсті. «Құқықтық алаңды жетілдіруге бағытталған сындарлы диалогтың әрі қарай жалғасатынына сенімдімін», — деп жазады Д. Абаев.

ҚазАқпарат

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді