jasqazaq.kz

Бағлан Майлыбаев қамауға алынды

16 қантар 2017, 13:13

Президент Әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев ұсталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

 2017 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Қылмыстық кодексі 185-бабы 1, 3-бөлігінде көзделген («Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету») қылмыстарды жасады деген күдікпен ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері болған Б. Майлыбаев және Н.Галихинді ұстады.

14 қаңтарда Астана қаласы, Есіл аудандық соты 2 ай мерзімге қамауға алу санкциясын берді.

Аталған тұлғалар ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ҰҚК Тергеу изоляторына қамауға алынды.

Күдіктілердің және олардың туыстарының тұрғылықты жерлері бойынша тінту жүргізілді, заттай дәлелдемелер алынды.

Тергеп-тексеру жалғасуда, оның барысы және нәтижелері жөнінде қосымша хабарланады.

 

Бүгін, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
Бүгін, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті