jasqazaq.kz

Бағлан Іңкәрбек: Фристайлды ойланбай таңдадым

02 ақпан 2017, 19:57

Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиаданың екінші күні екі алтын қоржынға түсті. Соның бірін Фристайлдағы Микст, яғни аралас  түрінен шымкенттік өрендер Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек жеңіп алды. Осы орайда «Жас қазақ» тілшісі су жаңа чемпиондарды құттықтады.

Бағлан, алтын жүлде құтты болсын! Қоғамда қазақтар қысқы спорт түріне әлсіз деген пікір қалыптасқан. Бірақ кейінгі кезде қысқы спорттың өрісі кеңейіп келеді. Өзің бұл спорт түріне қалай келіп едің?

— Көп рахмет! Мен алғашында гимнастикамен айналыстым. Спорт шебері атағын да алғанмын. Сол кездері жаттықтырушым маған Фристайлға барып, бағымды сынауға кеңес берді. Байқап қарасам, жаман емес. Эстетикалық сұлулығы да бар екен. Ойланбастан таңдадым. Аяққа шаңғы байлап көрдік. Ары қарай бапкерлер менің мүмкіндігімді көріп, Ресейге алып кетті. Сол жақта Фристайлдың қыр-сырын меңгердік. Бір ай өткесін Қытайда өткен турнирге де қатысып үлгердім.

— Универсиадаға келсек. Жеке сынға түстің. Не жетіспеді? Сегізінші орыннан көріндің ғой?

— Не жетіспегенін бапкерлер біледі.  Жеңуге деген құштарлық болды әу баста. Алайда өз еліңде өткен жарыстардың жауапкершілігі екі есеге артады. Қатты қобалжыдым, бәлкім, содан да болар деп ойлаймын. Жанкүйерлердің сенім артып тұрғанын сеземіз қашанда. Бұл жолы жеңілмеуіміз керек деп жігерленіп шықтым. Жаныңдағы серігің соны түсінсе, алмайтын асу болмайды.

— Мамандар сайыстан соң қандай кеңес берді?

— Олар менің қолымды қысып, ертең Жанботамен жұптаса өнер көрсететінімді айтты. Сенімді ақтау керек. Дереу өзімді қолға алдым.

— Жанботамен бірге қатысу қосымша күш берген шығар?

— Әрине. Командаласым ғой. Бір-бірімізді білеміз. Бірақ, кез келген спортшымен шығуға дайын болу керек. Біз кәсіпқой спорттамыз.

— Туған жерге қайтып, туыс, елдің арасына қайттың. Алдағы жоспар қандай?

— Корей елінде енді бір айдан соң Әлем кубогі өтеді. Соған дайындалу керек.

— Сеулге серуен құруға бармайтының анық. Жүлдеден үміт бар ма?

— «Генерал болуды армандамайтын солдат солдат емес» демеуші ме еді? Менің де өз арманым бар. Әр жарыста медаль тағып жүрсек, халыққа да, маған да жақсы. Сол себепті құр алақан қайтпауды көздеймін.

Бағлан, әңгімеңе көп рахмет! Сәттілік тілейміз!

 

Сұхбаттасқан Мадияр Арыстанбаев

jasqazaq.kz

18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды