Бүтін бір ауыл жылусыз қалды

14 қазан 2016, 23:21
1411397478_otop
Ақмола облысында төтенше жағдай! Гранитный ауылында жылу құбыры жарылып, 500 үйдің тұрғындары бүрсең қағып отыр. Ал өңірде қар жауып, апта басынан бері күн айтарлықтай суып қалған. Бірнеше күннен бері электр пешін қосып амалдап келген мектептер бүгін сабақты тоқтатуға  мәжбүр болды. Өйткені, суық сыныптарда ұзақ отырып қалған оқушылар шетінен ауыра бастаған. Гранитныйды жылытып отырған жалғыз қазандық тас шығаратын зауытқа тиесілі екен. Ал олар болса ақауды жөндеп бітер емес.

Гранитныйдағы жылу маусымы басталғанда міндетті түрде апат болатын атақты қазандық осы. Салынғанына 50 жылдан асқан ескі құбырлар жыл сайын жарылады. Ақмола облысында қар жауып, күн суығаны сол еді  тозып тұрған қазандық ескі әдетіне салып, тағы тесілген. Салдарынан 500 үй жылусыз отыр. Жұрт электр пешін қосып амалдауға тырысқанымен, одан да қайыр шамалы.

Мархаба Жүсіпова, Гранитный ауылының тұрғыны:

— Балалалары барларға тіпті қиын. Көршіміз мүгедек. Дірдектеп отырмыз.

Бәрінен бұрын балаларға обал болды. Оқушылар қабат-қабат киініп суық сыныптарда сабақ өтуге мәжбүр. Ал мектепке дейінгі дайындық тобындағы бүлдіршіндерге мүлдем қиын. Денелерінен әбден суық өтіп кеткен бүлдіршіндер шетінен ауырып жатыр.

64129

Нұргүл Омарова, тәрбиеші:

— Ауырған соң күннен-күнге азайып жатыр.  Аурулары асқынуда.

Осылайша оқушысыз қалған ауыл мектебі амалсыз жұмысын  тоқтатуға мәжбүр. Оқу орнында бүгіннен бастап сабақ болмайды. Әзірге мектептердің қайта қашан ашылатыны белгісіз. Ал бүкіл ауылды жылумен қамтып отырған қазандық тас шығаратын зауыттың қарамағында екен. Жөндеу жұмыстарын олар бірер күнде аяқтаймыз деп сендіруде. Әрі халықтың апат кезінде үйді жылыту үшін электр пешіне жұмсаған шығынын да қазандық қожайыны өтеп бермек.

Жұмабек Әбілов, кәсіпорын директоры:

Жылу қазандығы 51 жыл бұрын салынғандықтан мұндағы қондырғылар әбден ескірген. Бір-екі күнде жөндеу жұмыстары аяқталады. Ауылға жылу береміз.

Жылына бұл қазандыққа 24 миллион теңге жұмсалады. Биыл елді мекен қыстан қысылмай шығу үшін аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жүздеген тонна көмір әкелінген. Жұрт сонда да жылуға жарымай отыр.

Жанатбек Қалабаев, Зеренді ауданы әкімінің орынбасары:

-Қазандыққа жауаптылар жазда жылу маусымына дайынбыз деген. Бірақ, құбырлары тозып тұрған соң, қайта-қайта жөндеу қажет. Қазандықты әкімдіктің қарамағына ауыстыру мәселесі көтерілген болатын. Әзірге ол мүмкін емес. Себебі кәсіпорын банкте кепілде тұр.

Яғни, тұрғындардың сұрауы бойынша ауылдағы жылу қазандығы жақын арада әкімдіктің қарамағына өтпейді. Сәйкесінше, ескірген құбырларды жаңартуға да жергілікті бюджетттен ақша қарастырылмайды.

 

ktk.kz
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң
10 сәуiр, 14:02
"Қазпошта" алаяқтардың асына айналған ба?
07 сәуiр, 14:29
Көктемде психикалық аурулар неге асқынады?
01 сәуiр, 19:13
Саудада достық жоқ
31 наурыз, 16:10
Мақта кластері: Шикізаттан –дайын өнімге
31 наурыз, 15:45
Астана – даму драйвері
30 наурыз, 12:48
Мұхит Тұрысбеков: Ауыз су мәселесін толық шешу – басты міндеттің бірі
28 наурыз, 17:40
“Жұмысшыларды роботтар алмастырып жатыр”. Кентау трансформатор зауыты инновациялық дамуға көшті
28 наурыз, 15:18
Машина жасау: инновациялық серпіліс