jasqazaq.kz

Б.Сағынтаев: Дәрі-дәрмекті кешіктірген басшы жұмыстан шағарылсын!

08 қараша 2016, 16:50

sa5yntaev

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында «СК-Фармация» компаниясының жұмысын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Дәрі-дәрмек жеткізу ойыншық емес. Егер тендерлер уақытылы өтпесе — мұндай ұйымдардың басшыларын жұмыстан қуу керек. Оның ойында адамдардың өмірі емес, басқа нәрсе тұр. Ондай басшыларды қуу керек!» — деді Б. Сағынтаев. Сонымен қатар Үкімет басшысы «СК-Фармация» жұмысына соңғы кездері көп сын айтылып жүргендігін тілге тиек етті. «Барлық жұмысты қайта ұйымдастыру қажет — олар үздіксіз, қателіксіз жұмыс жасауы керек, дәрілер әрбір науқасқа уақытылы жетіп отыруы керек. Мемлекет тарапынан тиісті қаражат бөлініп жатыр. Біз отандық бизнеске заманауи фармзауыттарды салуға жағдайлар жасадық. Қазір шетел нарықтарына да шығып жатырмыз, дәрілеріміз GMP стандарттарына сәйкес келеді. Бізде барлығы бар деуге болады, дегенмен шетелдік дәрілік заттармен проблема шығып жатыр», — деп атап өтті Премьер-Министр. Үкімет басшысы дәл осындай мәселе медициналық құрал-жабдықтармен де орын алып жатқандығын да ескертті. «Бізде тәуір-тәуір медициналық құрылғылар шығаратын зауыттар бар. Олардан естігенім, сатып алу жүргізілген кезде әкімдер мен біздің өзге де ведомстволар отандық өнімге емес, шетелдік аналогтарды сатып алуға асығады. Сонда өз елімізде зауыттар не үшін салынды? Оларды не үшін қаржыландырдық?» — деп сөкті Бақытжан Сағынтаев.

ҚазАқапарт

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді