jasqazaq.kz

Бұрынғы әкімнің көлігін таппай жүр

23 қараша 2016, 12:26

snimok

Қостанай қаласының экс-әкімі Ахмедбек Ахметжановтың автокөліктері ғайып болды. Сот шешімімен тәркіленуге тиіс темір тұлпарлардың  қайда екені белгісіз. Ал оның екі қабатты зәулім үйі қалалық әкімдіктің еншісіне берілген. Баспана әзірге бос тұр.

baq.kz хабарлағандай, жемқорлыққа жол беріп, он үш жылға бас бостандығынан айырылған экс-әкімнің дүние-мүлкі түгел тәркіленген болатын. Алайда қымбат автокөліктердің қалайша ізім-қайым болғаны түсініксіз. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне тек жалғыз көлік жеткізілген.

«БМВ Х-6, Лексус РХ 300, 350, фольксваген секілді төрт-бес көлік бар. Бірақ бүгінгі таңда ол қымбат көліктер біздің департаментке өткізілген жоқ. Сот орындаушылар іздестіру іс-шараларын өткізуде. Қалай біздің теңгерімге беріледі, солай жаңағы тәртіпті сақтай отырып, бірінші мемлекеттік мекемелерге ұсынамыз», – дейді Қостанай облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының м.а. Айбек Ғалымжанов.

Құны қымбат көліктерді қазір қайда және кім тізгіндеп жүр деген сұраққа сот орындаушылары да жауап бере алмай отыр. Ал экс-шендінің зәулім сарайына қатысты шаһар билігі ақпарат беруден бас тартты. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің өкілдері екі қабатты үйдің қалалық әкімдіктің балансына берілгенін айтады.

«Ол коттедж біздің тәртіп бойынша коммуналдық меншік құрамына енеді. Сондықтан да үй қала әкімінің құзырына берілді», — дейді Қостанай облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының м.а. Айбек Ғалымжанов.

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің мәліметіне сәйкес, бұрынғы әкімнің иелігінде 2 мейрамхана мен 1 сауда үйі болған. Қаланың қақ ортасындағы «Метрополь» мейрамханасы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының еншісіне беріліпті. Ал, Тобылдың жағасындағы «Алтын саф» тойханасы бір миллионнан астам АҚШ долларына сатылмақ. Тағы бір сауда орталығы 87 миллион теңгеге бағаланды. Қос ғимарат желтоқсанда аукционға шығарылады.

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды