Бәрі заңды болды

09 қыркүйек 2016, 12:28

img-20160905-wa0005Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кентінде орналасқан «Фазыл Ғазы Топлы» қайырымдылық мекемесінің заңгерлері тағы бір сот отырысына дайындалып жатыр. Жоғарғы сотқа дейін жеткен істің ақ-қарасын білу үшін құрылтайшылар мүддесін қорғаушы Айдар Құрманғазыұлымен сұхбаттасқан едік.

– Алматы облысы ауданаралық мамандандырылған экономикалық соты бұл іске нүкте қойған еді. Енді мәселе Жоғарғы сотта қаралатын болды ма?
Айдар Медеев: Қарсы тарап, қазіргі танда осы дау бойынша Алматы облысының экономикалық соты және Алматы облысының апелляциялық алқасының шешіміне келіспей Жоғарғы сотқа шағымданып отыр. Шағымның жақын арада түсуіне сәйкес, сот отырысы әлі тағайындалған жоқ. Әзірге сот отырысының өтетіні немесе өтпейтіндігі белгісіз.
– Айдар, жалпы бұл мәселе қалай туындап еді? Қандай заңсыздыққа жол берілді?
Айдар Медеев: 2015 жылдың сәуір айында қайырымдылық мекемесінің директоры Халыққа қызмет көрсету орталығынан анықтама алу барысында мекемеге тиесілі жылжымайтын мүлікті бір құрылтайшының сатып жібергенін біледі. Сол мәселе бойынша қалған үш құрылтайшы Алматы облысы Іле аудандық сотына «сатып алу сату шартын жарамсыз деп тану туралы» арыз түсіріп, дат айтқан болатын. Сот отырысы барысында, яғни 2015 жылдың қазан айында мекеменің мүлкі осы қайырымдылық мекеменің бір құрылтайшысы барлық құрылтайшының келісімі бар деген хаттама негізінде, ғимаратты жер телімімен бірге сатып жібергені анықталды. Бұл өткен жылы қаңтар айының үші күні болған оқиға. Осы мәселені білген мекеменің үш құрылтайшысы, қолданыстағы заңнама бойынша «мүлікті сату туралы хаттаманы заңсыз деп тану туралы» Талдықорғандағы ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотына арызданды. Сол сот отырысында қалған екі құрылтайшының хаттаманы толтыру кезінде елімізде болмағаны, ал үшінші құрылтайшы өз үйінде болғаны анықталды. Хаттама толтырылған күні жиналыстың мүлдем болмағаны дәлелденді. Осы нақты деректі ескеріп, сот әділ шешім шығарды. Онымен Алматы облысының апелляциялық алқасы толықтай келісті. Жалпы істің ақ-қарасына үңіліп, заңды шешім шығарған судьяларға, тергеушілерге, «Нұр Отан» партиясына алғысымызды айтқымыз келеді.
– Сіз мүддесін қорғаған мекеменің заңды жұмыс істейтінін қалай дәлелдедіңіздер?
 Айдар Мадеев: шешімі шыққанша бір емес, бірнеше мемлекеттік құзырлы органның маманы тексеріп, заңды жұмыс істейтініне көзі жетті. Күніге тексеріс жұмысы жүргізілді. Бірақ сол арыздар бойынша тексергенде бәрінің заңды түрде жүргізілгені анықталды. Дегенмен қарсы тараптың заңгерлері әлі де болса шағымдануда. Алматы облыстық мамандандырылған экономикалық сотында сот отырысы алты рет қаралды. Енді осы дауға қатысты Жоғарғы сотта заңды шешім шығаратынына сенімдіміз. Жалпы біз сот отырысында, қайырымдылық мекемесінің жарғысына, ҚР Азаматтық Кодексіне, коммерциялық емес ұйымдар туралы заңға және ҚР Конституциясына сүйеніп, жұмыс жасадық.
– Қазір онда қанша құрылтайшы бар?
Айдар Медеев: Бүгінгі танда төрт құрылтайшы бар. Қайырымдылық мекемесін құрған кезде қай құрылтайшы ауысса да, мүлік сатылмайтындығы туралы Жарғыда жазылған. Мекеме жабылған күннің өзінде де, мүлкі қайырымдылық шарасымен айналысатын ұйымдарға берілуі тиіс. Жарғыда кімге қанша дүние тиесілі деген мәселе жоқ.
– Айналып келгенде, бұл жер құрылтайшыларға тиесілі емес қой. Солай ма?
Айдар Медеев: Иә, Бұл осындай жағдайы төмен, ата-анасы жоқ және көпбалалы аз қамтылған отбасыларына көмектесуі мақсатында қайырымды азаматтарымыздың сыйға берген жері мен мекемесі. Ал құрылтайшылардың міндеті қолданыстағы жарғы негізінде балалардың білім алуы үшін жағдай жасау.
– Сыйға берілген ақшаның заңды жаратып жатқаны бойынша қандай да бір құжат бар ма? Мәселен, бір кәсіпкерден 20 мың доллар алды делік.
Айдар Медеев: Барлығы заңды және ол жарғы негізінде жұмсалып жатыр.

Сұхбаттасқан Елдос Өмірзақұлы

 

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?